Now Reading
Мамыр мейрамдарының құрметіне астаналықтарға қандай шаралар ұйымдастырылады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Мамыр мейрамдарының құрметіне астаналықтарға қандай шаралар ұйымдастырылады

Мамыр мейрамдарының құрметіне астаналықтарға қандай шаралар ұйымдастырылады

Елорда әкімдігі алдағы 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр — Жеңіс күні мерекелеріне жоспарланған іс-шаралардың тізімін жариялады. Карантиндік шектеулерге байланысты барлық іс-шаралар онлайн тәртіпте өтеді, — деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
№4 қалалық емханада Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілген жандарға медициналық тексерулер ұйымдастырылады. №2 қалалық емхана Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне үйде күтім жасау бойынша дәрігерлердің кеңесін ұсынады. Бұл шаралар 6 мамырға дейін жалғасады.
«АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мұражай-мемориалдық кешені» «Малиновка» іздестіру клубымен бірлесе отырып 5 мамыр күні тыл ардагерлерімен,«Афганистандағы мүгедектер мен соғыс ардагерлерінің одағы» ҚБ Целиноград ауданы өкілдерімен, әскери қызметкерлермен «Ерлікке — тағзым, ардагерге — құрмет» атты тақырыпта кездесу өткізеді.
Сондай-ақ 5-10 мамыр аралығында Ұлы Отан соғысы жауынгерлері құрметіне арналған монументальді кешенге, «Отан қорғаушылар» мемориалды кешеніне, М.Маметова, Б.Момышұлы ескерткіштеріне онлайн тур өтеді. Толығырақ ақпаратты Мәдениет басқармасынан, Біріккен мұрағаттар дирекциясынан, Тарихи-мәдени мұраларды сақтау орталығынан алуға болады.
7 мамыр күні — Отан қорғаушылар күнінде «Қазақстан» телеарнасы «Ақиқат пен аңыз» атты концерт-пьесасын ұсынады.
ANK Live студиясында тікелей эфирде ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдерімен іс-шара өткізіледі. Іс-шараны онлайн форматта Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінен көруге болады.
8 мамыр күні «Нұр-Сұлтан» филармониясы оркестрінің қатысуымен Ұлы Отан соғысының 22 ардагеріне арналған көшпелі концерт өтеді. Сол күні «Жас сарбаз» әскери-патриоттық жобасы аясында ардагерлерге азық-түлік себеттері таратылады.
9 мамыр күні Ұлы Жеңіс күніне орай елорда көшелерінде «Жеңіс жолдары» мобильді іс-шарасы өтеді. Дәл осы күні «Хабар» телеарнасында «Ер есімі — ел есінде» концерті өтеді.
Шенеуніктер елордадағы барлық іс-шаралар санитарлық нормаларға толық сәйкес өтеді деп уәде береді.

 

 

Источник: Newtimes

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×