Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының сайтында зейнетақы төлемдерін тағайындауға қашықтықтан жасауға болатын өтініштердің түрлері көбейе түсті — деп хабарлайды БЖЗҚ.
Енді бұл қызметті ерікті жарналар есебінен БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар зейнетақы төлемдерін алушылардың келесі санаттары қолдана алады:
• 50 жасқа толған азаматтар;
• мүгедектігі бар жандар.
Өтініш бермес бұрын жарамды электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ), жеке басын куәландыратын құжат, ұлттық валютада ашылған банктік шот бар екеніне көз жеткізу қажет», — деп хабарлайды БЖЗҚ.
Өтініш беру үшін БЖЗҚ веб-сайтындағы (www.enpf.kz) ЭЦҚ көмегімен жеке кабинетке кіру қажет, «Қызметтер» бөлімінде «Зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш беру» қызметін таңдап, содан кейін тиісті ЭЦҚ құжаттарын толтырып және қол қою қажет.
БЖЗҚ-ның өтінішті өңдеу мәртебесін жеке кабинеттің «Қызметтер» бөліміндегі «Менің төлемдер/ аударымдар бойынша өтінімдерім» қызметін пайдалана отырып, оңай бақылауға болады.
БЖЗҚ ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шоттары БЖЗҚ келіп түскен алғашқы ерікті зейнетақы жарнасы негізінде өтінішсіз ашылатындығын еске салды.
Источник: zakon.kz