Қазақстандық телеарналар Токиода өтетін жарыстан тікелей трансляция жүргізбейді. «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы лицензия иесімен келісе алмады.
ТРК Баспасөз қызметі 2019 жылдан бастап XXXII жазғы Олимпиада ойындарын тарату туралы келіссөздер жүргізгенін хабарлады. Бірақ құқық иесі Dentsu Inc. лицензияларға қолжетімсіз баға белгіледі. Бұл 2016 және 2018 жылдарға қарағанда 123 пайызға жоғары.
Көрермендерден үміт үзбеуді сұрайды. Қазақстандық телеарналарда ұлттық олимпиада комитетімен тікелей Токиодан және ірі шетелдік ақпараттық агенттіктерден фото және видео алу туралы келісім жасасты.
Естеріңізге сала кетейік, Олимпиада 23 шілдеде басталады. Оған 90-нан астам спортшы қатысады.
Бұған дейін қазақстандық спортшылар үшін олимпиадалық форма ұсынылған болатын.
Сонымен қатар, ҰОК өкілдері Токиодағы олимпиадалық ауылдың қандай екенін көрсетті.
Барлық жарыстар жанкүйерлерсіз өтетін болады.