Now Reading
Тәуелсіздікке 30 жыл: бүгін Қазақстанда басты мереке тойлануда
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Тәуелсіздікке 30 жыл: бүгін Қазақстанда басты мереке тойлануда

Тәуелсіздікке 30 жыл: бүгін Қазақстанда басты мереке тойлануда

Бүгін қазақстандықтар басты мерекелердің бірі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін тойлауда. Биыл Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады.

Тәуелсіздік күні «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 16 және 17 желтоқсанда тойланады. 1991 жылы 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес «Мемлекеттің тәуелсіздігі мен егемендігі туралы» Заң қабылдады.

1991 жылы 1 желтоқсанда ел тарихындағы тұңғыш Президент сайлауы өтіп, нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кандидатурасын сайлаушылардың 98 пайыздан астамы қолдаған болатын.

1991 жылғы жалпыхалықтық сайлаудан кейін Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев салтанатты түрде ант қабылдады.

«Құрметті қазақстандықтар! Көпұлтты республикамыздың халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясын бұлжытпай орындауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің маған жүктелген жоғары міндеттерін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін», — деп 1991 жылы 10 желтоқсанда салтанатты түрде жариялады Нұрсұлтан Назарбаев.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қызметіне кіріскен соң «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңға қол қойды.

Қазақстан егеменді, тәуелсіз мемлекет болғанына тура 30 жыл болды. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы – сан ғасырлық мемлекеттігіміздің тарихындағы айтулы оқиға. Тәуелсіздіктің бүкіл кезеңінде Қазақстан елеулі жетістіктермен және күрделі сын-қатерлерді еңсерумен ерекшеленген ұзақ жолдан өтті.

Еліміз тұрақты мемлекеттік институттары мен қуатты бәсекеге қабілетті экономикасы бар кемел демократиялық мемлекет ретінде қалыптасты. Қазақстан әлемдік сауда-экономикалық жүйеге толықтай интеграцияланып, өзін сенімді серіктес ретінде көрсетті.

Осы мерейтой жылында елімізде ауқымды реформалар басталып, экономика, әлеуметтік сала және т.б. жаңғыртылуда. Пандемияға қарамастан, мемлекет отандық бизнеске қолдау көрсетуде.

Қазақстан халқына үндеу жолдаған «Тәуелсіздік тағылымы» атты соңғы мақаласында «Осыдан үш онжылдық бұрын біз саналы түрде дүниетанымымыз бен болмысымыздың негізі ретінде еркіндік пен тәуелсіздікті таңдадық. Ал, адамзат тарихының ауқымында мұндай кезең көзді ашып-жұмғанша тең болса, күштердің кемелдену мен өркендеу дәуіріне аяқ басқан Тәуелсіз Қазақстан үшін бұл ұлы белес және бағындырылған жаңа биіктік», — деп өз ойларымен бөлісті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

«Отыз жыл бойы менің барлық ойым, уайымым мен үмітім халықты бақытсыздықтар мен қол сұғушылықтардан, адасушылықтар мен толқулардан қорғау болды. Осы жылдар ішінде еліміз әлемнің озық 40 мемлекетінің қатарына қосылды. Әлемдік ғылым мен мәдениеттің озық жетістіктерін меңгерген жаңа ұрпақ тәрбиеледік. Жаңа астана салынды. Мен мұны ең маңызды жетістік және ең үлкен бақыт деп білемін», – дейді Елбасы.

Қазақстандықтардың басым көпшілігінің қолдауымен биліктің жоғары лауазымына ресми түрде келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде стратегиялық бағытты сәтті жүзеге асырып, елді тиімді басқаруда.

Бұл ретте Қазақстан Президенті барша қазақстандықтардың қасиетті борышы – біздің жетістіктерімізден асып түсетін болашақ ұрпақ үшін тәуелсіздікті сақтау екенін қайта-қайта атап көрсетеді.

«Біздің мақсатымыз – тиімді мемлекет және әділ қоғам құру. Бұл стратегиялық вектор өзгеріссіз қалады. Біздің алдымызда халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту, киелі Тәуелсіздігімізді нығайту бойынша ауқымды міндеттер тұр», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан халқына жасаған Жолдауында.

Әлем көшбасшылары қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерейтойымен құттықтауда. 120-дан астам мемлекет Қазақстанды ресми түрде мойындап, дипломатиялық қатынас орнатқан.

Дәстүр бойынша Тәуелсіздік күні еліміздің түкпір-түкпірінде салтанатты шаралар өтіп, әлеуметтік нысандар іске қосылды. Мерейтойлық 2021 жылы жыл басынан бері Тәуелсіздік күніне орай көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды.

Осыдан бір күн бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды тапсырудың дәстүрлі салтанатты рәсіміне қатысты. Мемлекет басшысының Жарлығымен бүкіл елге еңбегі сіңген азаматтар мемлекеттік наградалар мен медальдермен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 15 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында қаланың үш нүктесінде демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылған мерекелік отшашу басталды.

Күні кеше ғана Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты шара өтті, оған Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

«Тәуелсіздіктің отыз жылы – тұтас бір дәуір. Бұл – ең қиын қиындықтар мен сынақтарды табанды түрде еңсеру дәуірі. Бұл – өз жетістіктері мен маңызы жағынан халқымыздың тарихындағы бетбұрыс кезеңіне айналған жасампаздық дәуірі. Сондықтан мен еліміздің азаматтары атынан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа Тәуелсіз Қазақстанды құрудағы үлкен еңбегі үшін шын жүректен ризашылық білдіремін», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде.

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығы – Қазақстанның құрылу тарихындағы тағы бір маңызды кезең. Еліміз бағындырған, мәңгілікке ұмтылған ұзақ жолдың әлі басындамыз деп ойлаймын. Бізді биік арманға шақырған бұл ұзақ сапарымыз сәтті болсын! Баршамызды ата-баба аруағы қолдасын. ХХІ ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» болсын. Қасиетті мұрамыз – Тәуелсіздігіміз баянды болсын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекеттілігіміз мәңгілік болсын!» – деп Елбасы Қазақстанның барша азаматтарына тілегін білдірді.

Енді Қазақстанның алдында болашақтың және жалпы елдің экономикасын жедел құру міндеті тұр. Ал оның негізі жаңа технологиялар, жасанды интеллект, жоғары еңбек өнімділігі, жасампаздық бастама және болашақ ұрпақ болмақ.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×