Now Reading
Елордада парадзюдодан «Гран-При IBSA Нур-Султан -2022» турнирі өтуде
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Елордада парадзюдодан «Гран-При IBSA Нур-Султан -2022» турнирі өтуде

Елордада парадзюдодан «Гран-При IBSA Нур-Султан -2022» турнирі өтуде

Нұр-Сұлтандағы Ж.Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында парадзюдодан «Гран-При IBSA Нур-Султан-2022» турнирінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Шараға Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, IBSA Халықаралық дзюдо федерациясының төрағасы Янош Тардос, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев қатысты.

Әлемнің 22 елінен 200-ден астам спортшы 16 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынауда. Қазақстан құрамасынан ел намысын 21 дзюдошы қорғап жатыр.

Халықаралық турнир Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, Республикалық Парадзюдо федерациясының қолдауымен өтуде.

Көрермендер жарысты 29-30 мамыр аралығында Qazsport арнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

0
Tags :
No More Posts