Now Reading
Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі және онкологиялық аурулары бар балаларға арналған паллиативтік орталық ашылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі және онкологиялық аурулары бар балаларға арналған паллиативтік орталық ашылды

Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі және онкологиялық аурулары бар балаларға арналған паллиативтік орталық ашылды

Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі балаларға және онкологиялық ауруларға арналған паллиативтік орталық ашылды. Науқастар мен олардың ата-аналарына медициналық, әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмек көрсетіледі.

Светлана Алтынбекова жаңа орталыққа алғашқы келушілердің бірі. Көп балалы ана ерекше екі баланы тәрбиелеп отыр. Оның ұлы Шыңғыс церебральды сал ауруымен ауырады. Әйел Қарағандыда мұндай орталықтың ашылуын көп жылдар бойы күткенін мойындады.

«Қалада осындай орталықтың пайда болғанына қуаныштымын. Ерекше балалардың ата-аналарына қиындықтармен жалғыз қалу қиын. Көбінесе бізге тек моральдық қолдау қажет», – дейді Светлана.

Орталық Қазақстан балаларына паллиативтік көмек көрсету қауымдастығының бастамасымен және AMANAT партиясы депутаттарының қолдауымен құрылған.

Ашылу күні кішкентай емделушілерге аниматорлардың қатысуымен ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Ал аналарға сыйлықтар, гүл шоқтары мен дайындалған азық-түлік себеттер ұсынылды.

«Паллиативті көмек көрсету – өміріне қауіп төндіретін ауруларға байланысты қиындықтарға тап болған пациенттер мен олардың отбасыларының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған тәсіл. Ерте диагностика, дұрыс бағалау және емдеу, сондай-ақ физикалық, психоәлеуметтік немесе рухани басқа да мәселерді шешу арқылы паллиативтік көмек қайғылы оқиғаларды болдырмауға және жеңілдетуге мүмкіндік береді», — деді Қазақстандағы балаларға паллиативтік көмек көрсету қауымдастығының директоры Әлия Қадыралиева.

Орталық қызметкерлері медициналық қызметкерлер мен ата-аналарды өз қамқорлығындағыларға жақсы күтім көрсету үшін оқытуды көздеп отыр. Қазір арнайы емделушілерді қамтитын клиенттік база толтырылуда. Сонымен қатар, тағы бір мобильді топ құру жоспарда бар.

Алматы облысында алғашқы паллиативтік орталық ашылып, көптен бері ерекше балаларды қабылдап келеді. Қарағандыда мұндай мекеме Әлиханов көшесі, 20 мекенжайында орналасқан.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×