Ғылыми онкологиялық орталық ашық есік күнін жариялады.
Нұр-Сұлтанда Ұлттық онкологиялық ғылыми орталығында өңеш пен асқазан ауруларымен ауыратын ересек емделушілер үшін ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды орталықтың қоғаммен байланыс қызметі.
Қайда. Пациенттерді консультативтік қабылдау Керей, Жәнібек хандар, 3, ҰҒОО консультативтік-диагностикалық орталығында өтеді.
Қашан. 30 шілде сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.
Байланыс. Қабылдау 8 (7172) 70-29-11, 70-29-00, +7 (708) 42-50-711 (WhatsApp) телефондары бойынша онкологтың, абдоминальды хирургтың қабылдауына жазылу арқылы жүзеге асырылады.
Өзіңізбен бірге не алу керек. Өзіңізбен бірге жеке куәлік және бар болса, алдыңғы тексерулердің қорытындылары.