Өздерін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлеріміз деп таныстырған белгісіз біреулер азаматтарға телефон соғып, 500 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін әлеуметтік көмек көрсетуге уәде береді. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.
«Материалдық көмек көрсету мақсатында белгісіз біреулер шоттарды қамауға алудан алып тастауды және қарызды жабуды сұрайды (барлық жағдайда несиелерді уақтылы қайтармау және банктерге берешектерді төлемеу салдарынан есепшоттар қамауға алынды). Азамат уәде етілген материалдық көмекті алу үшін шоттан қамауға алуды алып тастағаннан кейін белгісіз біреулер техникалық ақауларға және көмек көрсетудің мүмкін еместігіне сілтеме жасайды», — деді Еңбек министрлігі.
Министрлік қызметкерлері Азаматтарға қоңырау шалуды жүзеге асырмайды, барлық мемлекеттік әлеуметтік төлемдер азаматтардың өтініштері негізінде немесе проактивті форматта жүргізіледі.