29 және 30 қазанда елордада тағы бір ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Осы демалыс күндері Ақмола облысының тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Осы демалыс күндері Ақмола облысының өндірушілері мен өңдеуші кәсіпорындары елорда тұрғындары мен қонақтарына жалпы көлемі 850 тоннадан асатын жоғары сапалы экологиялық таза өнім ұсынады.
Өңір аграршылары елордаға 200 тоннадан астам ет және ет өнімдері, 200 тонна картоп, 100 тонна сүт және сүт өнімдері, 100 тонна көкөніс, 25 тоннадан астам ұн, 13 тонна балық, 8 тоннадан астам кондитерлік және нан-тоқаш өнімдері, шамамен 1 миллион дана жұмыртқа, сондай-ақ облыста өндірілген басқа да өнімдер.
Жәрмеңке ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өз өнімдерін делдалсыз тікелей тұтынушыларға өткізуге мүмкіндік береді, нәтижесінде олардың өнімдерінің бағасы нарықтағы бағадан 10-20 пайызға төмен болады. Өтетін орны: «Астана-Арена» стадионының жанындағы алаң, Тұран 48 мекен-жайы.