Now Reading
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қуыршақтар пайда болды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Статьи > Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қуыршақтар пайда болды

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қуыршақтар пайда болды

Британиялық Makies компаниясы ата-аналардың өтінішімен мүгедек балаларға арналған қуыршақтар жиының шығарды. Ойыншықтардың бұндай түрлері ерекше бүлдіршіндердің жалғыздық сезіміне берілмеуіне септігін тигізеді-мыс.

Мамандар қауымы дені сау балалардың мүмкіндігі шектеулі балдырғандардың жағдайына түсінушілікпен қарауларына, қоғамдық саналарының өзгеруіне қуыршақтардың ықпалы зор деп есептейді.  Ал Америкада төрткүл дүниеге әйгілі «Барби» қуыршақтары сериясында да осындай қуыршақтар түрін кездестіруге болады. Ресейде аталмыш қуыршақтар түрлерін  балабақша бағдарламасына енгізу ұсынылды. Сол арқылы мүгедек жандардың қоғамға бейімделуіне, жағымсыз көзқарастан, сау балалар тарапынан көрсетілетін әдепсіздіктен құтылуға болады деген сенімде.

Суреттер интернет желісінен алынған

Мүмкіндігі шектеулі жандарға қоғамдық орындарда, көшелерде, тұрғын-үй аймақтарында жағдай жасалғанымен, кішкене бүлдіршіндердің ерте жастан толыққанды адам ретінде дамуына, психологиясына оң әсерін тигізетін, көңіл көтеруге мүмкіндік  беретін ойын-сауық орталықтары жоқтың қасы. Ал олардың тәтті балалық шақты бастан өткерулеріне дерттің өзі кедергі болмауы тиіс. Арнайы жасалған ерекше ойыншықтар олардың қоғамнан шеттетілмеуіне, бойындағы кеселді бір сәтке болсын ұмыттыруға мүмкіндік береді. Аталмыш  ойыншықтарға байланысты адамдардың пікірі екіге бөлінді.  Шынайтуында, кейбір  адамдар қуыршықтардың бұндай түрін қолдамайтындықтарын ашық мойындайды. Олардың ойынша ойыншық бала психологиясына оң әсер етуі тиіс. Баланың мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты дұрыс көзқарас танытуы арнайы ойыншықтармен емес, үйдегі тәрбиенің ықпалымен қалыптасқаны жөн деп санайды. Ал арнайы қуыршақтарды өндірушілердің сөзіне сәйкес, бала көз алдында жүретін, күнделікті өмірде жиі ұшырасатын жағдайларға тез бейімделіп, уақыт өте оны қалыпты құбылыс ретінде қабылдайды. Ерекше күтімді қажет ететін адамдарды күнде көріп жүрген бүлдіршін қандай да бір қоғамдық орында өзге мүмкіндігі шектеулі адамды кездестіріп қалса, қолын шошайтып, көз алмай қарау секілді әдепсіздік танытудан арылады. Себебі ол үшін бұл қалыпты жағдайға айналады. Арнайы ойыншықтарды өндіру арқылы мүгедек жандардың, балалардың қоғамнан шеттетілуін, олар жайлы теріс пікірдің қалыптасуына кедергі келтіре отырып, сау балалардың тәрбиесіне, өмірдің қатаң заңдылықтарына, әдептілікке баулуға мүмкіндік береді.

Қазақта «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген керемет нақыл сөз бар. Баланың қоғамда өзін ұстауы ата-анасының тәлім-тәрбиесіне байланысты. Жалпы, адам болып қалыптасуындағы ең алғашқы іргетасын қалайтын да ата-анасы. Сондықтан, ойыншық әдемі не ұсқынсыз болсын, үйдегі бүлдіршіннің оған деген көзқарасы  ата-ананың бастапқыда  қалыптастырған оймен тең болады.

 

Авторы: Томирис

0
Tags :

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×