Қағидалар Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинованың бұйрығымен бекітілді.
Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолдануға енгізіледі.
Қағидаларда түсушілерге тапсыру керек құжаттар тізімі берілген. Олар: өтініш; жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа, қабылдау комиссиясына құжат тапсыру кезінде); жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 3×4 өлшемді екі фотосурет; 086-У нысанындағы медициналық анықтама; тестілеуге қатысу үшін ақы төленгені туралы түбіртек.
Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Құжаттарды салыстыру түсушінің қатысуымен жүргізіледі. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқа қайтарылады.
КТ-ға қатысу үшін өтініш берген түсушілерге құжаттардың қабылданғандығы туралы қолхат (еркін нысанда) беріледі.
Сонымен қатар, ережеде мүгедектігі бар адамдарға арналған бөлек шарттар мен оны алудың жолдары жазылған.
«КТ-ға қатысу үшін көру, есту, тірек-қимыл аппараттарының функциялары бұзылған мүгедектер бекітілген мүгедекті белгілеу туралы құжатты ұсынған кезде желілік ЖОО ның қабылдау комиссиясы төрағасының атына: жеке аудиторияның немесе КТ шеңберінде тапсырылатын пәндердің оқытушысы болып табылмайтын көмекші және (немесе) есту функциялары бұзылған мүгедектер үшін ымдау тілін білетін маманның қажеттілігі туралы еркін нысандағы қосымша өтінішті бере алады»,- делінген құжатта.
Ақпарат: ҚазАқпарат