Now Reading
БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ ЕЛОРДАДА ҚАЛАЙ АТАЛЫП ӨТІЛЕДІ
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ ЕЛОРДАДА ҚАЛАЙ АТАЛЫП ӨТІЛЕДІ

БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ ЕЛОРДАДА ҚАЛАЙ АТАЛЫП ӨТІЛЕДІ

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай елорда қаланың кішкентай тұрғындарына арнап қызықты мерекелік бағдарлама әзірледі. Түрлі ойын-сауықтар балаларға да, ересектерге де көтеріңкі көңіл күй сыйлайды. Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасы 1 маусымда елордалық мәдениет және спорт мекемелерінде өтетін іс-шаралар бағдарламасын ұсынады.

1 маусымда Астаналық цирк «Шаттық шеңбері» шоу бағдарламасын тамашалауға шақырады. Екі сағаттық шара барысында әуе гимнасттары, акробаттар, виртуоз жонглерлер, эквилибристер өнер көрсетіп, үйретілген иттер мен ешкілер, экзотикалық құстар, көңілді клоундар және т.б. көруге болады. Қойылым сағат 16.00-де басталады, кіру – тегін.

Осы күні М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының ұжымы кішкентай көрермендерін құттықтайды. Сағат 11.00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағында С.Астраханцевтың «Братец Лис и Братец Кролик» ертегісі көрсетіледі.

Астаналық Қуыршақ театры мереке күні Н.Гернет «Волшебная лампа Аладдина» пьесасын қояды. Қоюшы-режиссері – М.Ташпенов. Қойылым 1 және 2 маусымда сағат 14.00-де қазақ тілінде, ал сағат 12.00 мен 16.00-де орыс тілінде көрермен назарына ұсынылады.

Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясының да кішкентай астаналықтарға арналған тартуы бар. Сонымен қатар, елордада Балаларды қорғау күніне орай «Бала тілегі» мерекелік концерті ұйымдастырылады, онда классикалық, эстрадалық вокал солистері, «Қорқыт» дәстүрлі музыка тобы, «Шалқыма» халық биі ансамблі, «Әлем» эстрадалық би ансамблі өнер көрсетеді. Концерттің басталуы сағат 17.00-де. Билеттің құны – 1000 теңге.

Балалар мерекесіне арналған екінші концерт 2 маусымда сағат 19.00-де өтеді. Жиналған қауым симфониялық оркестрдің орындауындағы «Үздік Disney және DreamWorks музыкаларын» тыңдай алады. Билет құны – 3500 теңге.

1 маусымда «Наз» мемлекеттік би театры балғындарға арнап ойын-сауық бағдарламасын өткізеді, түрлі байқаулар өткізіп, сыйлықтар тарту етеді, «Бар мейіріміз балаларға!» атты мерекелік концерт ұйымдастырады.

Сонымен қатар, осы күні «Мәңгілік Ел» қақпасының аркасында «Мама, папа! Обратите на меня внимание!» тақырыбында балалар сурет көрмесінің тұсаукесері өтеді. Шара барысында «ГолосОК» музыкалық даму студиясының шәкірттері өнер көрсетеді, сондай-ақ мерекелік фуршет ұйымдастырылады. Кіру тегін.

Жаздың алғашқы күндері, 1-2 маусымда, жыл сайынғы «Бәрі ән салады!» караоке чемпионатының 1-ші кезеңі өтеді. Вокалдық сайыс Есіл өзенінің жағасында Амфитеатрдың сахнасында өтеді. Биылғы чемпионат Қазақстандағы Жастар жылына орайластырылған. 1 маусымда балалар арасында тыңдау өтеді. Жас орындаушылар педагогтарымен бірге дайындық үстінде. Ұйымдастырушылар қатысушыларға мультфильмдердің

саундтректерінен бастап әлемдік хиттерге дейін әндердің мол таңдауын ұсынып отыр. 2 маусымда сахнаға ересектер шығады.

Мереке күндері спорттық жарыстар да ұйымдастырылады.

1 және 2 маусымда «Алау» мұз айдыны сарайында алғаш рет обыр ауырынан жазылған және органдар трансплантациясы жасалған балалар арасындағы Республикалық ойындар өткізіледі. Шағын-футбол, үстел теннисі, жеңіл атлетика(60м жүгіру), пневматикалық винтовкадан ату, шахмат, ұлттық ойын асық атудан жарыстар өткізіліп, үздіктер анықталады. Шараға 3 жастан 18-ге дейінгі 100-ге жуық бала қатысады деп күтілуде.

Балаларды қорғау күні Қ.Мұңайтпасов стадионында мектепке дейінгі жастағы балалар арасында «Беговел» веломарафоны өтеді. Мақсат – балаларды ерте жастан спортқа тарту.

Сонымен қатар, 1 маусымда, елордалық саябақтарда балалар ойын-сауық бағдарламасы өткізіледі. «Саябақтың 7 ғажайыбы» үш жылдан бері кішкентай елорда тұрғындары мен қонақтарына қуаныш сыйлап келеді. Балалардың сүйікті кейіпкерлерінің кейпіндегі аниматорлардың қатысуымен өткізілетін шоу Астаналық, Жерұйық және Жетісу саябақтарында өткізіледі. Серуендеп жүрген балдырғандарға Миньондар, қуыршақ Барбилер, Мадагаскар және Спанч-Боб және басқа да мультфильмдердің кейіпкерлері көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.

 

Ақпарат: Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасы

0
Tags :

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×