Now Reading
Психолог әлеуметтік желілер адамның психикасына қалай әсер ететіні туралы айтып берді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Психолог әлеуметтік желілер адамның психикасына қалай әсер ететіні туралы айтып берді

Психолог әлеуметтік желілер адамның психикасына қалай әсер ететіні туралы айтып берді

Бүгінде әлеуметтік желіге тіркелмеген адамды сирек кездестіруге болады. Осы интернет-ресурстардың көмегімен адамдар бір-бірімен планетаның әр түкпірінен хат-хабар алмасып, білім алады. Дегенмен кез келген жайттың кері жағы да болатыны белгілі. Психолог Ягдар Төреханов әлеуметтік желілер адамның психикасы мен өзін-өзі бағалауына қалай әсер ететінін айтып берді.
Психологтың пікірінше, әлеуметтік желілер адамның психикалық әлемінің айнасы бола алады. «Адам белгілі бір әлеуметтік желілерге белгілі мақсаттарда (көбіне бейсаналы түрде) тіркеледі. Ол өзіне маңызды және қызықты болып көрінетін адамдарға жазылады; жариялау үшін маңызды деп санайтын материалдарды жариялайды; өзінің түйсігі аясында таңдау жасап отырады. Адам өзінің шындығын саналы түрде қалыптастырады, нәтижесінде өзіне керегін әлеуметтік желілерден алады. Атап айтқанда әлеуметтік желілерге тәуелділік тәуелді мінез-құлқының бір нұсқасы ғана (қандай да бір себептерден шындықтан қашуға деген ұмтылыс)», — деді сарапшы. Сарапшының айтуынша егер әлеуметтік желілер болмаса, тәуелділікке бейімді адам шындықтан қашудың өзге жолын табар еді. Адамның өзін-өзі бағалауы ешбір әлеуметтік желілердің әсерінсіз қоршаған ортасының әсерінен балалық шағында қалыптасады.
«Әлеуметтік желілер адам бойындағы өз-өзіне деген төмен бағалауды көрсетіп береді және ол бағалаудың қалыптасуына негіз бола алмайды. Мәселен, адам өзгелердің жариялаған жетістіктерін көріп, өзін бала кезінде ата-аналары үнемі басқа балалармен салыстырғандай, оны өзінің өмірімен салыстыратын болса, бұл өз-өзіне деген төмен бағалауды көрсетеді», — дейді Ягдар Туреханов.
«Адам өзге адамдардың белгілі бір сезімдерін тудыру үшін (өзін мойындату, аяушылық таныту, қызғаныш, ашу) және өзі туралы белгілі бір жалған түсінік қалыптастыру арқылы өзінің бойындағы өз-өзіне деген төмен бағалауды әлеуметтік желі арқылы толтыруға тырысады», — деп томшылады сарапшы.

 

 

Источник: nur.kz

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...