Now Reading
Қазақстандағы мобильді аударымдар түрлеріне қарай бөлінбек
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстандағы мобильді аударымдар түрлеріне қарай бөлінбек

Қазақстандағы мобильді аударымдар түрлеріне қарай бөлінбек

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік  кірістер комитетінде мобильді аударымдарды түрлеріне қарай жеке және кәсіпкерлік деп бөлу туралы ұсыныс жасалған.  

Қаржы министрлігі мобильді аударымдарды түрлеріне қарай жеке және кәсіпкерлік деп бөлудің сызбасының алдын-ала сызбасы дайын екендігі туралы айтады.  

«Мобильді төлемдер мен жеке шотты кәсіпкерлік қызмет үшін пайдалануға заңнамалық тұрғыда түсініктеме беру ұсынылды. Жеке аударымдарды кәсіпкерлік мақсатта пайдалануды болдырмас үшін кәсіперлік қызметке арналмаған шоттарды пайдалану арқылы табыс табу белгілерін анықтайтын тәуекелдерді басқару жүйесін дайындау ұсынылады.   

Тәуекелдерді басқару жүйесінің нәтижелері ереже бұзу жиынтығымен, мысалы, сауда нысанының сөресінде аударымдарды қабылдауға арналған телефон нөмірі көрсетілген ақпараттың болуы, тұтынушының сатушыға аударым жасап, сатушы фискальді чек ұсынбағаны туралы шағымдары, ұзақ уақыт бойы кассалық тәртіптің төмендеуі, мемлекеттік кірістер органдарының талаптары мен ұсынымдарын елемеу тәрізді әрекеттермен расталуы керек», — деді департаментте. 

Тек егжей-тегжейлі талдаудан кейін көрсетілген кемшіліктерді жою үшін осындай тұлғаларға хабарламалар жіберілетіні атап өтілді. Бұл шаралар жеке тұлғалардың және адал кәсіпкерлердің трансфертіне әсер етпейді. 

Бұл бастама нақты қашан әзірленетіні және ұялы аударымдардың қай уақыттан бастап екі түрге бөлінетіні белгісіз.

«Бүгінгі таңда мобильді аударымдарға қатысты бастамалар мен ұсыныстарды мүдделі мемлекеттік органдар банк секторымен бірлесе отырып қарастыруда және қоғамдық талқылау мен ұсыныстарды қабылдау, оның ішінде оларды жүзеге асыру мерзімін анықтау үшін интернет-ресурстарда жарияланады», — дейді  Қаржы министрлігі.  

Кейбір екінші деңгейлі банктер кәсіпкерлік қызметте мобильді төлемдер қабылдауға мүмкіндік беретін қызметтерді енгізіп үлгерді. 

Бұған дейін Қаржы министрлігі онлайн-аударымдардың көмегімен кейбір бизнесмендер кассалық чек ұсынбайтынын, қаражат айналымын көрсетпейтінін, тауар айналымы және қызмет көретуге еш қатысы жоқ үшінші тұлғаларға  аударымдар түсіп отыратынын айтқан болатын. Осы саланы заңнамалық тұрғыда реттеу мақсатында Қаржы министрлігі мобильді аударымдарды жеке және кәсіпкерлік деп бөліп, кәсіпкерлік аударымдар үшін есеп жүргізуді ұсынды.

 

 

 

 

 

 

Источник: tengrinews.kz

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×