Now Reading
Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығы сұранысқа ие мамандықтарды атады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығы сұранысқа ие мамандықтарды атады

Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығы сұранысқа ие мамандықтарды атады

Алматыда дәрігерлерге, мұғалімдерге және IT мамандарына сұраныс бар. Бұл туралы Алматыдағы жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлова хабарлады.
Пандемия кезінде Алматы қаласының еңбек нарығы күрт өзгерген. Бүгінгі таңда ІТ-мамандары сұранысқа ие. Медициналық қызметкерлер, білім беру, қызмет көрсету саласының жұмыскерлері де тапшы.
«Біз қысқа курстарда оқытып, мамандар даярлаймыз. Біздің даярлайтынымыз көбіне жұмысшы мамандар. Жұмыс берушілерден жиналған өтінімдерден нарыққа құрылыс мамандары, тігіншілер, бухгалтерлер қажет екен көруге болады», — дейді Диляра Иманкулова. Сонымен қатар «Еңбек» бағдарламасы аясында даярлықтан өтіп, сертификат алып және өз бизнесіңді ашуға грант алу мүмкіндігі бар. Бұл бағдарлама аясында маникюр мен педикюр шеберіне сұраныс жоғары. Бірақ осы мамандықтар бойынша жұмысқа орналастыруда бос орындар жоқ екендігін көруге болады. Дегенмен дәл осы салада өз кәсібін ашқысы келетіндер жетерлік.
Еңбек нарығында заңгерлер мен экономисттерге сұраныс жоқ. Бұл мамандықтар бойынша жұмысқа орналасу қиынға соғады. Осыған орай Диляра Иманкулова осы мамандықтар бойынша білім алып шыққан түлектерге жастарға арналған тағылымдамадан өту мүмкіндіктері бар екендігін айтты. Алматы қаласының 500-ден астам компаниялары түлектерді осы мамандықтар бойынша тағылымдамаға қабылдауға дайын болып отыр.

 

 

Источник: Хабар 24

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...