Now Reading
«Бір күн айырмашылықпен дүниеге келіп, бір күндік айырмашылықпен қайтыс болғандар». Алматыдағы қарттар үйіндегі жағдай
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > «Бір күн айырмашылықпен дүниеге келіп, бір күндік айырмашылықпен қайтыс болғандар». Алматыдағы қарттар үйіндегі жағдай

«Бір күн айырмашылықпен дүниеге келіп, бір күндік айырмашылықпен қайтыс болғандар». Алматыдағы қарттар үйіндегі жағдай

Алматыдағы қарттар үйінде тағы екі адам коронавируспен ауырып қалған. Бұл туралы қалалық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі хабарлады. Осыған дейін «Шаңырақ» орталығында бір күндік айырмашылықпен туылған екі ер адам COVID-19 вирусынан бір күндік айырмашылықпен қайтыс болғаны туралы хабарланған. Сондай-ақ тағы бір әйел адамнан коронавирус анықталған.

Ресми өтінімге жауап ретінде министрлік «Шаңырақ» орталығында қазір 262 адам бар екендігін айтты. 2021 жылғы 22 сәуірде ПТР тестілеуінің нәтижелері бойынша екі оң нәтиже анықталған. 

«Сынақ нәтижелерінде оң нәтиже көрсеткен екі тұрғын уақытша ауруханаға жатқызылды», — деп хабарлады департамент.

Бұған дейін «Шаңырақ» орталығында екі ер адамның қайтыс болғаны хабарланған — 67 жастағы Серік Хамитов (03.01.1954 ж.т.) және 68 жастағы Рузиев Ю.Я. (03.01.1953 ж.т.). Олар бір күндік аралықпен қайтыс болған.

Орталықта инфекция көзі бар ма деген сұраққа Алматы қаласының әлеуметтік қамсыздандыру басқармасы ер адамдардың бірінен коронавирус анықталғанға дейін ауруханада емделгенін айтты.

«Ю.Я.Рузиев 2021 жылғы 26 наурыздан бастап №7 Қалалық клиникалық аурухананың неврология бөлімінде ми қан тамырларының жедел ишемиялық зақымдануымен ми қан тамырлары ауруы бойынша стационарлық емдеуде болд, ауруханаға жатар алдында ПТР тестілеуден өтіп, тест теріс нәтиже көрсеткен болатын.

Ағымдағы жылдың 5 сәуірінде оның жағдайы жақсарғанына байланысты ауруханадан шығарылған, бірақ ауруханадан шыққан кезде ПТР тестілеуі жасалмаған.

Коронавирустық инфекция симптомсыз болуы мүмкін екендігін және бұл аурудың ықтимал тасымалдаушысы санитарлық шараларға сәйкес келмеуі мүмкін екенін ескеру қажет, бұл вирустың таралуына, соның ішінде емделуші Ю.Я.Рузиевке жұғуы да мүмкін», — деп жауап берді аурухана бөлімі. 

Департамент сонымен қатар Серік Хамитов туыстарының оған уақытында көмек көрсетілмегендігі туралы шағымына түсініктеме беріп өтті.  

«Науқас емделушілердің  бар екендігі жоспарланған ПТР тестілеуден кейін анықталды, сол уақыт ішінде С.А.Хамитовтың денсаулығына шағымдары болған жоқ», — деп жауап берді басқармада.

Департамент бүгінгі таңда қарттар үйінің тұрғындары 262 адамнан 88 адам Sputnik V вакцинасын алғанын айтты. Қалған 174 адамның вакцина алуға қарсы көрсетілімдері, медициналық проблемасы және жас шектеулері бар.

Сонымен қатар әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі қызмет алушылардың қауіп-қатер тобына енетінін (қарт адамдар, бірнеше патологиясы бар мүгедектігі бар жандар) ескере отырып, инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында қызметкерлерге арналған сүзгі кабинеті ашылғанын атап өтті.

«Әр таң сайын температура өлшенеді, температурасы көтерілген қызметкер тексеруге жіберіледі». 

Медициналық-әлеуметтік мекемелердегі санитарлық-дезинфекциялық тәртіпті күшейту алгоритмі:

— қызмет алушылар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметкерлері үнемі бр реттік медицина маскаларымен қамтамасыз етіліп отырады, антисептик пайдалана отырып қолдарды гигиеналық тазалау жүргізіліп отырады, медициналық үдерістерді жүргізген кезде бір реттік стерильді қолғап, қорғаныш костюмдер қолданылады;

— барлық бөлмелерде күнделікті жуу және дезинфекциялық заттарды қолдана отырып күніне кемінде үш рет ылғалды тазалау жүргізіледі» — деп қорытындылады департамент.

Осыған дейін қаза тапқандардың бірі 67 жастағы Серік Хамитовтың жиені Олжас Хамитовтың айтуынша, марқұм алты айдан сәл астам уақыт қарттар үйінде болған. Ер адам мекеме қызметкерлерін С.Хамитовте коронавирустың алғашқы белгілері пайда болған кезде ауруханаға уақытында апармаған деп айыптады.

 

 

 

 

 

 

Источник: tengrinews.kz

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×