Now Reading
Петропавл қаласында инклюзивті білім берудің ресурстық орталығы ашылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Петропавл қаласында инклюзивті білім берудің ресурстық орталығы ашылды

Петропавл қаласында инклюзивті білім берудің ресурстық орталығы ашылды

Петропавл қаласында №27 орта мектеп базасында инклюзивті білім берудің ресурстық орталығы ашылды. Бұл ресурстық орталық ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды орта мектептерге бейімдеуге жағдай жасау үшін қажет.

Петропавл қаласындағы №27 мектеп жанындағы инклюзивті білім берудің ресурстық орталығы — мұғалімдерге білім беруде ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін сынып пен мектепте кедергісіз атмосфераны құруға көмектесу үшін құрылған мектеп кеңістігінің бөлігі.

Облыстық білім басқармасының мәліметтері бойынша қалада 1500-ден астам ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар бар, оның ішінде 389 бала қала мектептерінде оқиды. Ерекше балалар мектеп пен мұғалімдер құрамынан ерекше және кешенді тәсілді талап етеді — әдістемелік, ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдау, қоршаған ортаға бейімделу, жеке білім беру бағыттарын құру, ал кейбір жағдайларда арнайы мұғалімдердің қолдауы қажет.

Бүгінде Петропавл қаласында екі Ресурстық орталық, сондай-ақ Психологиялық-педагогикалық түзету басқармасы бар. Бұл орталықтар «Түрліміз-теңбіз» жобасы аясында ашылды.

«Инклюзивті білім беру — бұл баршаға сапалы білімнің қол жетімділігін қамтамасыз етуге арналған білім беру жүйесін қайта құру бағыттарының бірі. Әсіресе аймақтарда осындай Ресурстық орталықтар мен түзету бөлмелерін ашу мен қолдаудың қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. «Дара» қорымен серіктестік бола отырып бүгінде 10500-ден астам балаға қолдау көрсететін 14 ППТК және 16 инклюзивті білім беру ресурстық орталықтар ашылды», — деді Samruk-Kazyna Trust қорының ресми өкілі Мирас Иргебаев.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...