Now Reading
Сарыарқа ауданындағы аз қамтылған 100 отбасы киім мен аяқ киім себеттерін алды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Сарыарқа ауданындағы аз қамтылған 100 отбасы киім мен аяқ киім себеттерін алды

Сарыарқа ауданындағы аз қамтылған 100 отбасы киім мен аяқ киім себеттерін алды

Рамазан айында басталған игі істерді жалғастыру мақсатында «Ораза айт — киім сыйлығы» қайырымдылық жобасы аясында Сарыарқа өңірінің аз қамтылған 100 отбасына киім-кешек пен аяқ киім салынған қайырымдылық себеттері таратылды.

Қайырымдылық шарасы «Қызыл жарты ай қоғамы» Қоры мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен өтті.

Іс-шараға БАӘ-нің Қазақстандағы Елшілігінің уақытша сенімді өкілі Аммар Омар Альбрейки және БАӘ-нің Қазақстандағы елшілігінің саяси, экономикалық және БАҚ мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы Мира Алазизи, сондай-ақ Сарыарқа ауданы әкімдігінің өкілдері қатысты.

«Құрметті Аммар Омар Альбрейки және Мира Алазизи! Ауданымыздың тұрғындары және аудан әкімі Есет Берікұлы атынан Сіздерге: «Қош келдіңіздер!» дегім келеді. Бүкіл әлем мұсылмандары Ораза айт мерекесін атап өтті. Осы қасиетті айда әрбір мұсылманның міндеті — жақсылық жасау және көмек көрсету. Сізге «Жақсы істер марафонына» қосқан үлесіңіз үшін алғысымызды білдіреміз», — деді Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Әбдірахман Дәуленбаев.

Әкім орынбасары Сарыарқа ауданы әкімінің атынан БАӘ елшілігінің өкілдеріне алғысхаттар табыстады.

«Мен сіздерді Ораза айт мерекесімен құттықтағым келеді. Осы қасиетті күндері бауырлас және бауырмал қазақ халқына кішігірім сыйлық тарту ету біздің елшілік үшін үлкен мәртебе. Мен қайырымдылық шарасын ойдағыдай жүзеге асыруда көрсетілген жұмыстар мен көрсетілген көмек үшін әкімдік қызметкерлеріне шын жүректен алғыс айтқым келеді. Болашақта біз осындай қайырымдылық шараларын бірлесіп жүзеге асыра аламыз деп үміттенеміз», — деді БАӘ Елшілігінің уақытша сенімді өкілі Аммар Омар Альбрейки.

Сарыарқа ауданы әкімінің кеңесшісі Перизат Қайраттың айтуынша, әр себетке ата-аналар мен олардың балаларының қалауы бойынша қажетті заттар — жылы және спорттық киімдер, аяқ киім салынған.

«Өмір сыйы» қорының жетекшісі Пернеш Абдукаримова қайырымдылық себеттеріне өтінім қалай түскенін айтып берді, сондай-ақ көрсетілген қолдау мен көмек үшін елшілікке және аудан әкімдігіне алғысын білдірді.

«Біз Ораз айт кезінде қайырымдылық акциялары өтеді деп естідік. Мен қордың басшысы ретінде мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың тізімдерін ұсындым. Өзім де ерекше баланы тәрбиелеп отырған анамын. Біз осындай көмекке әрдайым ризамыз. Өтініш беру кезінде біз отбасылардың, балалардың деректерін, сондай-ақ бізге қажет заттарды көрсеттік», — деп түсіндірді П.Адукаримова.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×