Now Reading
Арнайы мектептер жаттықтырушыларының жалақысы жыл сайын 25% көтеріледі
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Арнайы мектептер жаттықтырушыларының жалақысы жыл сайын 25% көтеріледі

Арнайы мектептер жаттықтырушыларының жалақысы жыл сайын 25% көтеріледі

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов республикалық спорт ұйымдарын әлеуметтік қолдау шаралары туралы баяндады.

«Пандемия кезінде мемлекет республикалық спорт ұйымдарын әлеуметтік қолдау және қаржыландыру шараларын тоқтатқан жоқ. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап спорт саласындағы мамандандырылған мектептер мен колледж қызметкерлерінің жалақысы көбейді, ол 2023 жылға дейін жыл сайын 25% өседі», — деді Ерлан Қожағапанов Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында. 

Сонымен бірге мемлекеттік білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне мектептен тыс спорт түрлерін өткізгені үшін негізгі лауазымдық жалақысының 100% мөлшерінде қосымша төлем енгізу туралы мәселе шешілді. «Сондай-ақ кәсіпқой спорт клубтарын ұстауға бөлінген қаржылық ресурстарды қайта бөлу, тұрғындарды, ең алдымен балаларды дене шынықтыру мен бұқаралық спортқа тарту (ЖҰЖ 74 тармақ) бойынша шаралар қабылдануда», — деді спикер. 

Осыған байланысты министрлік жаңа жұмыстың бағыттарын әзірледі: 

— бюджет қаражаты және квазимемлекеттік сектор есебінен спортшының рұқсат етілген ең жоғары жалақысын 2 миллион теңгеден аспайтын мөлшерде анықтау; 

— кәсіби спорт клубтарын ұстауға мемлекеттік бюджеттен және квазимемлекеттік сектордан бөлінетін қаражаттың шекті мөлшерін футбол және шайбалы хоккейге 1,2 млрд.теңгеден аспайтын және басқа ойын түрлеріне 450 млн.теңгеден аспайтын мөлшерде белгілеу. 

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
0
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.