Now Reading
Мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекші қызметін көрсететін мамандардың жұмыс уақыты енді жаңа тәртіппен есепке алынады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекші қызметін көрсететін мамандардың жұмыс уақыты енді жаңа тәртіппен есепке алынады

Мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекші қызметін көрсететін мамандардың жұмыс уақыты енді жаңа тәртіппен есепке алынады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 30 маусымдағы бұйрығымен жүріп-тұруы қиын І топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекші қызметін көрсету қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Жаңа өзгерістерге сәйкес, жеке көмекші өз қызметін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес Портал арқылы жасалған шарт негізінде жүзеге асырады. Жеке көмекшінің ақылы қызмет көрсетуге арналған үлгілік шарты аталған қағидаларға қосымша ретінде бекітілген.

Өтініш беруші Портал арқылы жеке көмекші қызметіне тапсырыс рәсімдеп, оны қызмет көрсетушіге жолдайды.

Сонымен қатар қағидалар жаңа тармақпен толықтырылды. Енді қызмет көрсетуші тапсырыстың қабылданғаны туралы хабарламамен бірге жеке көмекшінің ақылы қызмет көрсету шартын қол қою үшін өтініш берушіге және қалалық басқармаға немесе жұмыспен қамту бөліміне жібереді.

Бұл шарт өтініш беруші мен қалалық басқарма немесе жұмыспен қамту бөлімі тарапынан қол қоюға келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қаралып, қол қойылуға тиіс.

Жеке көмекші қызметін алатын І топтағы мүгедектігі бар адам қайта куәландырудан өткен кезде қызмет көрсетуші көрсетілген қызметтерді есепке алу журналына қайта куәландыру күніне дейін, яғни оңалтудың жеке бағдарламасы жабылғанға дейін тиісті жазбаларды енгізеді.

Қағидаларда оңалтудың жеке бағдарламасында көзделген қызмет көлемі жеке көмекші қызметін күн сайын міндетті түрде көрсету қажеттігін білдірмейтіні нақтыланған. Қызмет қажеттілік туындаған жағдайда көрсетіледі.

Жеке көмекшінің алып жүру қызметінің бір жолғы төлемі ең көп дегенде 4 сағатқа дейінгі қызмет үшін айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 54,56 пайызы мөлшерінде есептеледі. Бір ай ішінде алып жүру қызметі бойынша 60 қызметтен артық төленбейді.

Төлем нақты көрсетілген қызмет көлеміне қарай жүргізіледі.

Жергілікті атқарушы органдар көрсетілетін қызметтер санын мынадай негіздер бойынша ұлғайта алады:

өңірлік ерекшеліктерді және мүгедектігі бар адамдардың түрлі нысандарға бару жиілігін ескере отырып;

жергілікті бюджет мүмкіндіктеріне қарай мәдени-көпшілік, ойын-сауық және өзге де іс-шараларға баруды қамтамасыз ету мақсатында.

Жеке көмекші қызметінің ақысы қызмет көрсетуші орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін және жеке көмекші толтырған алып жүру парағын қалалық басқармаға немесе жұмыспен қамту бөліміне тапсырған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде төленеді.

Орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актілері есепті айдан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірілмей ұсынылуы тиіс.

І топтағы мүгедектігі бар адам қайтыс болған жағдайда төлемге қажетті құжаттарды қызмет көрсетуші қайтыс болған күннен бастап бір ай ішінде, мүгедектігі бар адамның қолынсыз ұсынады.

Бұйрық 2026 жылғы 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×