Now Reading
Елордада пластикалық бөтелкелерді жинауға және өңдеуге арналға фандомат іске қосылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Елордада пластикалық бөтелкелерді жинауға және өңдеуге арналға фандомат іске қосылды

Елордада пластикалық бөтелкелерді жинауға және өңдеуге арналға фандомат іске қосылды

Бүгін » Керуен «сауда — ойын-сауық орталығында пластикалық бөтелкелерді қайта өңдеуге арналған автомат — «Fandobox ecoplatform» салтанатты түрде іске қосылды.

Іс-шара Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орайластырылған. Аппараттың ресми ашылуына ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев қатысты. 

«Бүгін Нұр-Сұлтанда осындай алғашқы аппарат іске қосылады. Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында фандоматтың іске қосылғаны қуантады. Ecoplatform компаниясының арқасында елордада пластик жинауға арналған алғашқы аппарат іске қосылды. Өз кезегінде, министрлік те осындай фандоматтарды орнатуға көмек пен қолдау көрсететін болады», — деді Мағзұм Мырзағалиев.

Аппаратты орнату туралы компания бастамасын «Керуен» ойын-сауық орталығындағы Galmart супермаркеті қолдады. Бұдан былай қала тұрғындары мен қонақтары кезекті пластикті аппаратқа жібере отырып, көгалдандыруға өз үлестерін қоса алады. 

Супермаркеттер желісінің бас директорының айтуынша, олар қоршаған ортаны қорғау қажеттілігін түсінеді, сондықтан олар осы жобаға қосылды.

«Бұл Дүниежүзілік қоршаған орта күні қарсаңында болып жатқанына өте қуаныштымыз. Мұндай фандоматтардың болашағы зор деп ойлаймын. Енді табиғатты ластамауға, пластик жинауға мүмкіндік бар. Фандоматтар тұрғындар арасында танымал болады деп ойлаймын. Біз табиғатқа қамқорлық жасап, қоршаған ортаның таза болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», — деп атап өтті Galmart желісінің бас директоры Мадина Шахбутова. 

Машина пластикалық бөтелкелерді, сұйықтықсыз алюминий банкаларды, дөңгелектелген, көлемі 0,5-тен 2 литрге дейін, штрих-кодпен қабылдайды. Алдымен қолайлы бөтелкені немесе құмыраны машинаның терезесіне штрих-кодты жоғары қою керек. Егер бөтелке жоғарыда көрсетілген өлшемдерге сәйкес келсе, машина оны қабылдайды. Егер сіз бірнеше бөтелке немесе банка тапсырғыңыз келсе, оны кезек-кезек аппаратқа жіберуіңіз керек.

«Бұл ресейлік компанияның ойлап тапқаны. Әзірге аппарат Алматы мен Нұр-Сұлтандағы екі сауда-ойын-сауық орталығында орнатылды. Айдың соңына дейін «Керуен City» ойын-сауық орталығында, Talan Towers» және Galmart супермаркеттер желісі бойынша фандоматтар орнатуды жоспарлап отырмыз. Айдың соңына дейін 15 фандомат орнатылады», — деді ecoplatform компаниясының директоры Әділет Нұрселинов. 

Бір қызығы, сыйлық ретінде пластикалық бөтелкелерді беру үшін бонустар беріледі. Компания жүйенің аяқталу кезіңінде екенің айтты, сондықтан бонустарды есептеу құрылғы экранында әлі көрінбейді. Алайда, сәтті іске асырылған жағдайда бонустар адалдық картасы, телефон нөмірі немесе банк картасының нөмірі бойынша есептеледі.

«Яғни, Galmart клиенті супермаркеттің мобильді қосымшасын жүктейді, авторизацияланады, белгілі бір дербес шот ашады, оған сауда-ойын-сауық орталығының аумағында жұмсауға болатын бонустар жинақталады. 

Сондай-ақ Kaspi-мен келіссөздер жүргізудеміз. Егер келіссөздер сәтті өтсе, халықтың экологиялық жобаға көбірек тартылуын күтеміз», — деп түсіндірді Әділет Нұрселинов. Айта кету керек, пластикті өңдеуден алынған шикізатты болашақта жаңа қаптама өндірісінде қолдануға болады.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×