Now Reading
Қазақстандық паражүзуші спортшылар құрама командасы Германияда карантинге қалдырылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстандық паражүзуші спортшылар құрама командасы Германияда карантинге қалдырылды

Қазақстандық паражүзуші спортшылар құрама командасы Германияда карантинге қалдырылды

Паражүзуші спортшылар құрама командасы Германияда карантинге қалдырылды. Ел спортшылары Әлем Кубогының финалдық кезеңіне қатысу үшін Берлинге ұшып барған. Бұл жарысқа әлемнің 50 елінен төрт жүз жүзуші қатысты. Бірақ спортшылар турнирді мерзімінен бұрын тастап кетуге мәжбүр болды.

Берлиндегі жарыста Қазақстанның паражүзуші спортшылар құрама командасы керемет нәтиже көрсетті. Екі күнде спортшылар 23 медаль жеңіп алды, оның ішінде 10 алтын медаль. Алайда нәтиже бұдан да көп болуы мүмкін еді, бірақ біздің жүзушілер жарысқа қатысуын тоқтатуға мәжбүр болды. Құрама команда дәрігерінің ауырып қалғаны белгілі болған. Осы жайттан кейін біздің барлық делегация: спортшылар, жаттықтырушылар, олармен ертіп барғандар барлығы 21 адам шұғыл карантинге жатқызылған. Спортшылар қазір Берлин қонақ үйінде.

Бас бапкер Саттар Бейсембаевтың айтуынша, жүзушілеріміз жақсы өнер көрсеткен. Команда дәрігерінен аурудың жеңіл белгілері ғана байқалуда. Қазіргі уақытта дәрігерге ауруханаға жатудың қажеті жоқ.

Саттар Бейсембаев, Қазақстан Республикасының паражүзуші спортшылар құрама командасының бас жаттықтырушысы:

— Команданың барлық мүшелері өздерін жақсы сезінеді. Спортшылар бөлмелерге жалғыздан оқшауланған. Біз 18 маусымнан бастап оқшауландық. Бізге шешім қабылданғанға дейін кетпеу туралы бұйрық берілді. Бізге шынымен ештеңе керек емес. Қонақ үй әкімшілігі біздің жағдайымызды жасауда. Күніне үш рет тамақтану ұсынылады. Әркім өз бөлмесінде тамақтанады. Әзірге спортшылардан шағым түскен жоқ. Біз бір-бірімізді барынша қолдаймыз. Спортшылар күнделікті жаттығады. Жақын арада біздің команда Германиядан қашан шыға алатынын шешкен жөн. Жоспар бойынша спортшылар дүйсенбіде Қазақстанға ұшуы керек болатын. Енді олар оқшауланудан қашан шығатынын Германия Федеративті Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі шешеді.

Саттар Бейсембаев, Қазақстан Республикасының паражүзуші спортшылар құрама командасының бас жаттықтырушысы:

— Бізге COVID тесті тапсыратын, егер нәтиже теріс болса, 24 маусым күні ұшып кете алатын адамдардың тізімін жіберді. Егер тест теріс нәтиже көрсететін болса, шамамен 13 адам елге ұшып кетеді.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×