Now Reading
Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға COVID-19 профилактикасы үшін тегін медициналық қобдишалар таратылуда
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға COVID-19 профилактикасы үшін тегін медициналық қобдишалар таратылуда

Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға COVID-19 профилактикасы үшін тегін медициналық қобдишалар таратылуда

Қазақстанда COVID-19 ауруының алдын-алу аясында атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын отбасыларға медициналық жиынтықтар беру акциясы басталды. Барлығы 145 мың жиынтық ақысыз таратылады, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Жиынтықтардың құрамын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі анықтайды және термометрлер, маскалар, дезинфекциялаушы заттар және стероидты емес қабынуға қарсы препараттардан тұрады. Алушыларға алғашқы медициналық көмек қобдишаларын таратуды қалалық немесе аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері және ауылдық әкімдіктер жүзеге асырады. Бұл шара қиын қаржылық жағдайға тап болған отбасылардың экономикалық ауыртпалығын азайтады деп жоспарлануда.

«Бұл халықтың ең осал тобын қолдауға бағытталған маңызды және қажетті жоба. Бұл алғашқы медициналық көмек жинағы біздің азаматтарға COVID-19 ауруының алдын алуда көмектеседі деп үміттенеміз», — деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаменті директорының орынбасары Ғалия Жабагина.

АӘК алушыларын медициналық жиынтықтармен қамтамасыз ету жобасы Азия Даму Банкінің (АДБ) қаржылық қолдауымен жүзеге асырылды, сатып алушы оператор – БҰҰ Даму Бағдарламасының кеңсесі болды.

«Әлемдегі бірде-бір ұйым мен ешбір ел пандемияны жалғыз өзі жеңе алмайтыны белгілі болды. АДБ пандемияға қарсы күресте БҰҰ ДБ және басқа даму серіктестерімен тығыз байланыста жұмыс істей отырып, Қазақстан Үкіметін қолдауды жалғастыруда. Осы жоба шеңберінде біз Қазақстанға вирустың таралуын болдырмауға және пандемияны жеңуге көмектесіп, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсетеміз», — деді АДБ-ның Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Нариман Маннапбеков.

«Біз АДБ-мен бірге ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің төтенше жағдайларға тұрақтылығын нығайтуға көмектесеміз. Бұл жолы біз Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдарын сатып алуда қолдау көрсеттік», — деді БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Якуп Бериш.

Бұл жобаны іске асыру 2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы «Барлығы үшін жақсы және тұрақты болашақтың жоспары» ретінде дамыған тұрақты даму мақсаттарына сәйкес келеді.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...