Now Reading
WhatsApp-та бірнеше құрылғыда жұмыс істеу мүмкіндігін беретін қызмет пайда болды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > WhatsApp-та бірнеше құрылғыда жұмыс істеу мүмкіндігін беретін қызмет пайда болды

WhatsApp-та бірнеше құрылғыда жұмыс істеу мүмкіндігін беретін қызмет пайда болды

Жаңа мүмкіндіктің арқасында WhatsApp-ты бес құрылғыда бір уақытта қолдана аласыз, ал телефон заряды таусылған немесе Интернетке қосылмаған болуы мүмкін.

WhatsApp қосымшаның бірнеше құрылғылар бір есептік жазбамен жұмыс істей алатын бета-нұсқасын іске қосты. Бұл туралы мессенджердің блогында хабарланды.

«Бірнеше жылдар бойы пайдаланушылар WhatsApp-ты смартфон байланысын қажет етпестен басқа құрылғыларда қолдануға мүмкіндік беретін мультиқұрылғы жасауды өтінген. Бүгін біз WhatsApp-тың жаңартылған мүмкіндіктерінің бета-нұсқасын жариялаймыз», — делінген хабарламада.

Жаңа мүмкіндіктің арқасында қолданушы WhatsApp-ты өз телефонында және тағы төрт құрылғыда бір уақытта қолдана алады. Функция телефон батареясы таусылған немесе Интернетке қосылмаған болса да жұмыс істейді.

Хабарламада: «Әрбір құрылғы сіздің WhatsApp желіңізге жеке қосылады, сонымен бірге құпиялылық пен қауіпсіздік бірдей деңгейге дейін шифрлау арқылы қамтамасыз етіледі» делінген хабарламада.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...