Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, соғыс ардагерлеріне және мүгедектігі бар жандарға 1 млн 200 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді. Бұл туралы БҚО ҚХА жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Жамал Ихсанова хабарлады.
Пандемия кезінде әлеуметтік көмек көрсету мақсатында этномәдени бірлестіктер мен БҚО ҚХА құрылымдық бөлімшелері өз қаражаттары есебінен уақытына және жасына қарамастан қайырымдылық шараларына белсенді қатысты.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен «Ізгі істер марафоны» ұлттық жобасы бойынша «30 ізгі іс» республикалық марафоны басталды.
«Осыған орай ағымдағы жылдың 1 наурызында «Ризашылық күні» мен «Қазақстан халқы Ассамблеясы күнінде» этномәдени бірлестіктер мен құрылымдық бөлімшелердің, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының және еріктілердің қатысуымен Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының, 150 отбасына, оның ішінде көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларға, соғыс ардагерлеріне және мүгедектігі бар жандарға 1 миллион 200 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді», — дейді Жамал Ихсанова.
Бүгінгі күнге дейін БҚО ҚХА этномәдени бірлестіктері мен құрылымдық бөлімшелерінің, «Қозғалыс жолы» жастар қозғалыстары мен еріктілерінің қатысуымен «30 игі іс» республикалық марафоны аясында 48 қайырымдылық іс-шара өткізілді және нәтижесінде 18 миллион 418 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді.