Now Reading
Қазақстан БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесіне сайлауға қатысуға өтінім берді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстан БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесіне сайлауға қатысуға өтінім берді

Қазақстан БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесіне сайлауға қатысуға өтінім берді

БҰҰ штаб-пәтерінде Ұйымға мүше елдердің дипломатиялық миссияларының қатысуымен ұлттық өтінімнің таныстырылымы өтті.

2022-2024 жылдарға арналған Кеңестегі 18 орын үшін 18 үміткер ел бәсекеге түсуде. Азия -Тынық мұхиты аймағындағы мемлекеттерден 5 орынға 5 мемлекет өтінім берді — Үндістан, Қазақстан, Катар, Малайзия және Біріккен Араб Әмірліктері.

Қазақстандық өтінімді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Мұхтар Тілеуберді ұсынды. Ол іс-шараға қатысушыларға жүргізіліп жатқан саяси реформалар, заңнамалық бастамалар, сондай-ақ адам құқықтары саласындағы мемлекеттік міндеттер мен басымдықтар туралы ақпарат ұсынды.

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне сайлаудың нәтижелері 2021 жылдың қазан айының ортасында жарияланады деп күтілуде.

Адам құқықтары жөніндегі кеңес БҰҰ Бас Ассамблеясының қосалқы органы мәртебесіне ие. АҚК оқиғалар мен жағдайларды үздіксіз бақылауға, сондай-ақ осы саладағы елдерге көмек көрсетуге жауапты. Кеңес БҰҰ-ның басқа құрылымдарымен және халықаралық ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс жасайды.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...