Now Reading
Қазақстанда мүгедектігі бар балаларға берілетін жәрдемақы артады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда мүгедектігі бар балаларға берілетін жәрдемақы артады

Қазақстанда мүгедектігі бар балаларға берілетін жәрдемақы артады

Мүгедектігі бар балаларға арналған жәрдемақы көбейеді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов хабарлады.

«Баланың денсаулығы мен мүгедектігінің дәрежесін ескере отырып, заң 7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды мүгедектік топтарына қарай бөлуді қарастырады. Бұл шара мемлекет көрсететін оңалту шаралары мен әлеуметтік көмекті саралауға мүмкіндік береді», — деді Ерлан Әукенов ОКҚ брифингінде.

Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар балалардың ауруларының ауырлығына байланысты жәрдемақы мөлшері де артады. Біздің бағалау бойынша 37%-ға дейін, яғни 65 мың теңге — бірінші топ, 54 мың теңге — екінші топ», — деп қорытындылады спикер.

Бұған дейін Еңбек министрлігінің өкілі мүгедектігі бар жандарға жәрдемақы төлеуге жоспарланған өзгерістер туралы айтқан болатын.

«Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша» Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң Сенат, Мәжіліс жұмыс тобы мүшелерінің ұсыныстары негізінде, мәселелерді шешу мәселелері бойынша Үйлестіру кеңесі, мүгедектігі бар жандар мен ҚР Үкіметі, сондай-ақ жұртшылық пен сарапшылар қауымдастығының ұсыныстары бар», — деді вице-министр.

Сонымен қатар I топтағы мүгедектігі бар жандарға күтім жасайтын адамдар айына 48 мың теңге алатынын айтты.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...