Now Reading
Алматы облысында зейнеткерлерді және мүгедектігі бар адамдарды алдаған алаяқ ұсталды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Алматы облысында зейнеткерлерді және мүгедектігі бар адамдарды алдаған алаяқ ұсталды

Алматы облысында зейнеткерлерді және мүгедектігі бар адамдарды алдаған алаяқ ұсталды

Алматы облысында зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарды алдаған сериялық алаяқ ұсталды.

 

Өткен айдың соңында Еңбекшіқазақ ауданының полициясына Есік қаласының 66 жастағы тұрғыны 80 мың теңге көлемінде ақша қаражатын алаяқтық жолмен иемденіп алған белгісіз тұлғаға қатысты шара қолдануды сұрады.

 

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 32 жастағы күдіктіні ұстады. Ер адамның екі жыл бойы алаяқтық әрекеттермен айналысқаны анықталды. Бүгінде оның 17 алаяқтық фактісіне қатыстылығы дәлелденді, оның залал сомасы 20 млн теңгеден асты. Алаяқтықтың негізгі бөлігі зейнеткерлерге, әлеуметтік төлемдерді, зейнетақылар мен жәрдемақыларды ұлғайту бойынша мүгедектігі бар адамдарға қатысты жасалды.

 

Күдікті өзінің қылмыстық әрекетін 2019 жылы бастаған. Оған қатысты ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, ол Еңбекшіқазақ АІІБ-нің УҰИ-не қамалды.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...