Now Reading
Жаңа жәрдемақы және мүгедектігі бар адамдардың құқықтары-Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңға қол қойды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Жаңа жәрдемақы және мүгедектігі бар адамдардың құқықтары-Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңға қол қойды

Жаңа жәрдемақы және мүгедектігі бар адамдардың құқықтары-Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жәрдемақының жаңа түрлерін енгізуді және мүмкіндігі шектеулі адамдар мен олардың отбасыларының тұрғын үй жағдайларын жақсартуды көздейтін заңға қол қойды.

 

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», — делінген Ақорда сайтындағы хабарламада.

 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша, құжатта мүгедектік себебіне қарамастан, I топтағы мүгедектігі бар адамдарға күтім жасайтын азаматтарға жәрдемақы енгізу көзделеді.

 

Қазір I топтағы 66 мың мүгедектігі бар адамның әр үшіншісі күтім жәрдемақысымен де, жеке көмекшінің қызметімен де қамтамасыз етілмеген. Заңның қабылдануы нәтижесінде сыртқы күтімге мұқтаж қосымша 24 мың адам күтім жәрдемақысымен қамтылады деп күтілуде.

 

Сондай-ақ, заңда 7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды мүгедектік топтары бойынша бөлу қарастырылған. Бұл шара көрсетілетін оңалту іс-шаралары мен әлеуметтік көмекті, оның ішінде балалар ауруының ауырлық дәрежесіне қарай жәрдемақылар мөлшері бөлігінде саралауға мүмкіндік береді.

 

Бұл ретте мүгедектігі бар балалардың барлық топтары үшін жәрдемақылар мөлшері 16,7 пайыздан 37 пайызға дейін ұлғайтылатын болады. Бұл шара мүгедектігі бар 30 мыңнан астам балаға қатысты болады.

 

Бұдан басқа, Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыларды бір мезгілде алу құқығын беру көзделеді.

 

Қазіргі уақытта мүгедектігі бар балалар ата-аналары ажырасқан кезде бір мезгілде алименттер мен мүгедектігі бойынша жәрдемақы ала алады. Алайда, бір немесе екі ата-ана (асыраушы) қайтыс болған кезде бала Мүгедектігі бойынша жәрдемақы немесе асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы ала алады. Осы норманы енгізген кезде 2 мың бала Мүгедектігі бойынша жәрдемақымен тең жағдайда (мөлшері 41 163-тен 48 023 теңгеге дейін) асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы ала алады (мөлшері 12 063-тен 29 500 теңгеге дейін).

 

Жұмыс берушінің міндеттемелерін орындау мүмкін болмаған жағдайда, еңбек жарақатынан мүгедектік пайда болған адамдарды мемлекет есебінен оңалтудың техникалық құралдарымен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету заңның тағы бір жаңалығы болып табылады.

 

Қазіргі уақытта жұмыс беруші — жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда бұл міндеттемелер мемлекетке өтеді. Бұл ретте мүгедектігі бар адамдар кәсіпорын қызметін тоқтата тұру (әрекетсіздік) кезеңінде немесе 1,5 жылға дейін созылуы мүмкін банкроттық рәсімдерін жүргізу кезінде ОТҚ алу мүмкіндігінен айырылған. Осы кезеңде өндірісте мүгедектік алған адам оңалтудың техникалық құралдарынсыз қалады. Аталған шара 2 мыңға жуық адамды оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерімен уақтылы қамтуға мүмкіндік береді деп жоспарлануда.

 

Сондай-ақ, құжатта мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың бала кәмелетке толғаннан кейін тұрғын үй кезегінде тұру құқығын сақтау көзделеді. Іс жүзінде мұндай отбасылар тұрғын үй кезегінде 10 жылға дейін тұр. Егер бала 18 жасқа толғанға дейін тұрғын үй алу мүмкін болмаса, онда мүгедектігі бар адам кезекке қайта тұруға мәжбүр. Бұл норма 20 мыңнан астам отбасына тұрғын үй кезегін сақтауға мүмкіндік береді деп болжануда.

 

Сонымен қатар, заңда мүгедектігі бар баланы күту кезеңін 18 жасқа дейін ұзарту қарастырылған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл шара жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен базалық зейнетақыны тағайындауға оң әсер етеді деп санайды.

 

Сондай-ақ, аз қамтылған отбасылардың балаларына кепілдендірілген әлеуметтік пакетті әлеуметтік қызметтер порталына ауыстыру қарастырылған.

 

Министрліктің мәліметінше, заң 55 миллиард теңге сомасында қажетті қаржыландырумен қамтамасыз етілген. Шығын нормалары 2021-2023 жылдарға бөлінген қаражат шеңберінде іске асырылатын болады.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×