Now Reading
«Мұқтаж адамдарға көмек көрсету менің өмірімнің бір бөлігіне айналды» — әлеуметтік қызметкер
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > «Мұқтаж адамдарға көмек көрсету менің өмірімнің бір бөлігіне айналды» — әлеуметтік қызметкер

«Мұқтаж адамдарға көмек көрсету менің өмірімнің бір бөлігіне айналды» — әлеуметтік қызметкер

Нұр-Сұлтан қаласында Елорданың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты 5 мекеме мұқтаж жандарға көмек көрсетуде. Бұл мекемелерде мүмкіндігі шектеулі жандарға қоғамға бейімделуге көмектесетін 200-ге жуық әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қамқор», «Нұрлы жүрек», «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының, сондай-ақ «өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығының» және «Үміт» дағдарыс орталығының мамандары күнделікті өмірде қиын жағдайға тап болған адамдардың өмірін жеңілдетуге асығуда.

Солардың бірі — «Шарапат» орталығының маманы Марал Өмірзақова. Ол осы орталықта 2010 жылдан бері жұмыс істейді. 2018 жылдан бастап «в» блогында жұмыс істейді, онда мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмектеседі. Қазір оның қамқорлығында 60 адам бар. «Алғыс ретінде ата — әжелердің батасын алу мен үшін ең үлкен марапат», — дейді әлеуметтік қызметкер.

«Әрбір қызмет алушының өз тағдыры, өз тарихы бар. Олардың әрқайсысымен жеке жұмыс жүргізіледі. Егер біреуімен қаттылау болу керек болса, екіншісін мадақтау керек. Бұл адамдардың барлығы мен үшін жақындарымдай болып кетті, жұмысқа келгенде мен олардың проблемаларын шешуге тырысамын: біреуге дәрі әкелу керек, біреуге тифлоқұралдармен қамтамасыз ету керек, басқасына медициналық қызмет алу үшін ілесіп жүру керек немесе спорттық, еңбек, мәдени іс-шараларға тарту керек. Біз оларға өздерін жан-жақты дамытуға мүмкіндік бергіміз келеді және бұл жерде өздерін үйдегідей сезігу үшін бәрін жасаймыз. Блоктағы эмоционалдық және психологиялық көңіл-күй бізге, қызмет алушылармен жұмыс істейтін адамдарға байланысты. Өз жұмыстарына үлкен жауапкершілікпен қарайтын мейірімді және қайырымды адамдар менімен жұмыс істейді», — дейді Марал Өмірзақова.

Сәуле Қайырова да «Шарапат» орталығында 2010 жылдан бері жұмыс істейді. Бүгінде оның қамқорлығындағы 50 адам. 10 жыл бойы көмекке мұқтаж адамдарға қамқорлық жасаған ол болашақта басқа салаға кету туралы ойламайтынын айтады. Оның айтуынша, қарттарға көмектесу оның өмірінің бір бөлігі.

«Қамқорлыққа алынғандар үшін барлық жағдайды жасауға тырысамыз, қажеттілігіне қарай дәріханаға, ауруханаға жеткіземіз. Зейнетақы алуға көмектесеміз. Апта сайын театрға, экскурсияларға, концерттерге барамыз. Әр адамның тағдыры бірегей, ең бастысы, біз оларды тыңдауға, түсінуге, қолдауға тырысамыз. Қиын жағдайға тап болған адамдарды мемлекеттік қамқорлыққа алғаннан кейін қоғамдық іс — шараларға тартамыз: олар кітапханаға, сенсорлық бөлмеге, физиокабинетке барады, еңбек терапиясынан өтеді және т.б.», — деп бөлісті әлеуметтік қызметкер.

Елордада Марал мен Сәуле сияқты 198 әлеуметтік қызметкер бар. Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының 5 мекемесінің бірі «Қамқор» болып табылады. Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында Әлеуметтік жұмыс бойынша жоғары білімді 6 маман жұмыс істейді. Олар мүмкіндігі шектеулі адамдардың жүріп-тұруына көмектесіп қана қоймай, құжаттарды рәсімдеуге және қалпына келтіруге де көмек көрсетеді. Яғни, қажеттілігіне қарай гигиеналық құралдар, протездік-ортопедиялық бұйымдар мен мүгедектігі бар жандардың арбаларын алуға құжаттар рәсімдейді, құқықтар мен мүдделерді қорғау үшін сотта өкілдікті қамтамасыз етеді, қамқоршылық, зейнетақы және әлеуметтік төлемдер және т. б. мәселелер бойынша заңгерлік кеңес береді.

«Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында өзгелерге қарағанда көбірек қамқорлық жасайтын 7 маман жұмыс істейді. Жоғары білімі бар мамандар тоқсан сайын арнайы оқу орындарында өздерінің кәсіби дағдыларын арттырады. «Шарапат» орталығында Әлеуметтік жұмыс бойынша 175 маман жұмыс істейді.

Әлеуметтік қызметкерлер үшін барлық жағдай жасалған. Барлық мамандар өз саласында жұмыс істейді, олардың жалақысы осы жылдың қаңтар айында 40% — ға өсті.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 6 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде 4 қызметкер күндізгі ауысымда, тағы екеуі түнгі ауысымда.

«Үміт» дағдарыс орталығы » КММ-де әлеуметтік жұмыс бойынша 4 маман жұмыс істейді. Жыл басында олардың орташа жалақысы 35 пайызға өсті. Тоқсан сайын сыйлықтар бөлінеді.

Сонымен қатар, елорданың әлеуметтік қызметкерлеріне тұрғын үй көмегі де көрсетіледі.

Айта кетейік, жыл сайын қазан айының соңғы жексенбісінде әлеуметтік қызметкер күні атап өтіледі. Әлеуметтік сала-ел басшылығы тарапынан жіті назар аударылып отырған елдегі ең өзекті бағыттардың бірі. Сондықтан, әлеуметтік қызметкер адамдарға көмек көрсетіп қана қоймай, әлеуметтік саясатты реформалауға да қатысады деп айта аламыз.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×