Ерекше қажеттіліктері бар балаларға жеке көзқарас қажет, дейді ата-аналар.
Павлодар облысындағы мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары жаңа әлеуметтік қорғау заңы олардың құқықтарын қорғамайды деп мәлімдеді.
«Әлеуметтік қорғау туралы» жаңа заң бойынша 7 мен 16 жас аралығындағы балаларға мүгедектік тобы алғаш рет тағайындалады. Сонымен қатар балалардың және ата-аналардың өздерінің мүдделерін ескере отырып, оларды қайта мазаламас үшін бұрыннан бар құжаттар негізінде медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясына шақырусыз мүгедектік тобы тағайындалды.
Ата-ана бұл іске наразылық білдіруде. Мүгедектік тобының сырттай тағайындалуы көптеген ата-аналардың комиссия шешімімен келіспеуіне себеп болды. Психикалық кемістігі ауыр балалар мүгедектікке қарамастан екінші топтағы мүгедектікке ие болды. Балалардың кейбіреулері тіпті сөйлемейді.
Павлодар облысында 70-тен астам адам мүгедіктік тобының қашықтан тағайындалуына қарсы үндеуге қол қойды.
«Мүгедектік тобын тағайындау әр балаға жеке көзқараспен қарайтын процедура емес, бәрі автоматты түрде болғандай болды. Енді екінші топпен келісетін болсақ, кейін диагнозды өзгерту мүмкін емес болады», — дейді ерекше баланың анасы Алена Овчинникова.
Екінші топтағы мүгедектігі бар балалар кәмелетке толған кезде олардың аналары жәрдемақысыз қалады. Ал бірінші топтағы мүгедектігі бар балаларға күтім жасайтын тұлғалар тұрақты негізде жәрдемақы алады. Сондықтан ата-аналар әр балаға жеке көзқарасты талап етеді.
«Психикалық кемістігі бар балаларды қамқорлықтан айыруға болмайды. Аналары әрқашан қасында болуы тиіс. Біздің балаларды ерекше санат ретінде қарастыру керек. Оларды астма немесе жүрек ауруы бар балалармен теңестіруге болмайды», — деп түсіндірді Аутизм спектрінің бұзылуы бар балалардың ата-аналарының қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Татьяна Ковалева.
«Нұр Отан» партиясы аналардың ұжымдық үндеуін депутаттарға жеткізуге уәде беріп отыр. Әйелдерге қайта тексеруден өту және бұрын алынған нәтижелерге қарсы тұру ұсынылады.
Әлеуметтік төлемдердің мөлшері мен бірінші және екінші топтағы мүгедектік бойынша жәрдемақылардың мөлшері әр түрлі. Ал балалары кәмелеттік жасқа жеткенде ата-анасы оларға қамқорлық таныта бергенімен, мүлдем жәрдемақысыз қалады. Мемлекет бұл процедураны жеңілдеткісі келген, бірақ мүгедектік тобын қашықтықтан тағайындау ата-аналар келіспейтін нәтижелерге әкелді. Ерекше балалардың аналары осы әрекеттерді әдейі жәрдемақыдан айыру жолы деп есептейді.