Now Reading
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар үшін қанша медициналық орталық жұмыс істейді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар үшін қанша медициналық орталық жұмыс істейді

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар үшін қанша медициналық орталық жұмыс істейді

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов ҚР Үкіметінің арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында қабылдап жатқан шаралары туралы айтып берді.

 

«Халықты әлеуметтік қорғау саласында бірінші және екінші топтағы, 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар адамдарға, психоневрологиялық патологиясы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға стационар, жартылай стационар және үйде күтім көрсету жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі ұсынылады. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесі әлеуметтік — тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, еңбек, мәдени, экономикалық және құқықтық қызметтерді қамтиды», — деп жазды Әлихан Смайылов депутаттық сауалға берген жауабында.

 

Оның айтуынша, арнайы әлеуметтік қызмет алушылар стационар жағдайында мемлекеттің толық қамсыздандыруында. Бүгінде елімізде стационарлық үлгідегі 113 медициналық-әлеуметтік мекеме жұмыс істейді, онда 23 мыңнан астам адам, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар қызмет алады.

 

Сондай-ақ, 9 мыңнан астам адамды қамти отырып, 115 күндізгі болу бөлімшесі, 54 мыңнан астам адамды қамти отырып, 482 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі, 8 мыңнан астам адамды қамти отырып, Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 164 ҮЕҰ, 1,4 мың адамды қамти отырып, МЖӘ шеңберінде 7 жеке ұйым жұмыс істейді.

 

«Аталған мекемелердің жұмысы мүгедектігі бар адамдарды оңалтуға және әлеуметтендіруге бағытталған. Халықты жұмыспен қамту бойынша іс — шаралар аясында мүгедектігі бар адамдарға ерекше көңіл бөлінеді», — деп түйіндеді Премьер-Министрдің орынбасары.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×