Now Reading
«7-20-25» және «Баспана хит» несиегерлері үш айға дейін жеңілдікке ие болды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > «7-20-25» және «Баспана хит» несиегерлері үш айға дейін жеңілдікке ие болды

«7-20-25» және «Баспана хит» несиегерлері үш айға дейін жеңілдікке ие болды

 

«7-20-25» және «Баспана хит» ипотекалық бағдарламаларының клиенттеріне 90 күнге дейін жеңілдік кезеңі бар.

«Қазақстан орнықтылық қоры» АҚ Басқармасының шешімімен төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен қарыз алушыларды қолдау шараларын іске асыру шеңберінде «7-20-25» және «Баспана хит» ипотекалық бағдарламаларының клиенттеріне айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмей, 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап 90 күнге дейін кейінге қалдыру ұсынылды, – деп хабарлады Қазақстандық орнықтылық қорында.

 

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2022 жылғы 10 қаңтардағы бұйрығымен төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен жеке және заңды тұлғалардың қарыздары бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды ұсыну тәртібі бекітілді.

 

Тәртіпке сәйкес Банктер төлемдерді 2022 жылғы 5 қаңтардан 5 сәуірге дейінгі кезеңге кейінге қалдыруды ұсынады.

 

Төлемді кейінге қалдыру қарыз алушының кредиттік тарихына әсер етпейді. Кейінге қалдыруды алу үшін қаржылық жағдайының нашарлағанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, Банкке еркін нысандағы өтінішпен жүгіну қажет. Өтініш Электрондық поштаның, «банк-клиент» онлайн-жүйесінің, интернет-ресурстың, мобильді қосымшаның, басқа да байланыс құралдарының көмегімен немесе қарыз алушының банк бөлімшесіне келу арқылы беріледі.

 

Өтініштерді қарау мерзімі 10 жұмыс күнін құрайды.

 

Кейінге қалдыру туралы өтініштер 2022 жылғы 4 сәуірге дейін (қоса алғанда) қабылданады,-деп қорытындылады баспасөз қызметі.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...