Now Reading
Денсаулық сақтау министрі паллиативті көмек қызметіндегі мәселелерге назар аударды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Денсаулық сақтау министрі паллиативті көмек қызметіндегі мәселелерге назар аударды

Денсаулық сақтау министрі паллиативті көмек қызметіндегі мәселелерге назар аударды

Ажар Гиният қордаланған мәселелерді шешу үшін жол картасын әзірлеуді тапсырды.

 

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният кеңес өткізіп, Қазақстанның паллиативтік көмек қызметіндегі проблемаларды шешуге бағытталған тапсырмалар берді.

 

Паллиативтің негізгі міндеті-емделмейтін ауруы бар адамға өмір сапасын жақсартуға, ауырсыну белгілерін жоюға, науқастың және оның жақындарының физикалық және психологиялық деңгейлердегі азаптарын жеңілдетуге көмектесу.

 

Қазақстан паллиативтік көмек қауымдастығының басшысы Гүлнар Кунирова министрге пациенттердің ауруға қарсы дәрі-дәрмектерге қолжетімділігі, мобильді бригадалардың жұмысы, кадрлар даярлау, паллиативтік қызметтің төмен тарифтері туралы сұрақтармен жүгінді.

 

Министр паллиативтік көмек көрсететін ұйымдарды жарақтандырудың ең төменгі стандартын бекіту, опиоидтардың тізбесін кеңейту, клиникалық хаттамаларды қайта қарау, Жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен балалар паллиативтік көмегін дамыту қажеттігін атап өтті.

 

«Паллиативтік көмек көрсетудің барлық деңгейінде: МСАК, көп бейінді ауруханалар, мамандандырылған орталықтарды ауырсыну дәрі – дәрмектерін тағайындау кезінде дәрігерлерде опиофобияны төмендету үшін медициналық қызметкерлерді сатылы ауыруды басу дағдыларына оқытумен қамтуды ұлғайту бойынша жұмысты жандандыру қажет», — делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

 

Паллиативтік көмек қызметін білікті кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі шешуді талап етеді. Биыл паллиативті медициналық көмектің тарифтерін нақты шығындар бойынша деректерді жинау мен талдауды ескере отырып қайта қарау жоспарлануда.

 

Құрамына Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, ҮЕҰ, өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері кіретін жұмыс тобы паллиативтік медициналық көмектің Жол картасын әзірлейді, онда барлық өзекті ұсыныстар қаралады.

 

Кеңес қорытындысы бойынша денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният паллиативтік көмек көрсетудің өзекті мәселелерін шешу жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×