Now Reading
Көкшетаудағы мүгедектігі бар жандарды оңалту орталығының жобасын байланыстыруға 7 млрд-қа жуық қаражат жұмсалмақ
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Көкшетаудағы мүгедектігі бар жандарды оңалту орталығының жобасын байланыстыруға 7 млрд-қа жуық қаражат жұмсалмақ

Көкшетаудағы мүгедектігі бар жандарды оңалту орталығының жобасын байланыстыруға 7 млрд-қа жуық қаражат жұмсалмақ

Көкшетаудағы мүгедектігі бар жандарды оңалту орталығының жобасын байланыстыруға шамамен 7 млрд теңге жұмсалмақ.

 

«Тапсырыс беруші – «Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі; атауы — тұрғын емес ғимараттарды/құрылыстарды тұрғызу (салу) бойынша жұмыстар; қосымша сипаттама – Ақмола облысы Көкшетау қаласында 150 орындық мүгедектігі бар жандарды оңалту орталығының құрылысының үлгілік жобасын байланыстыру; жоспарланған сома 6 799 997 941,96 теңгені құрайды», — делінген мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған лоттың сипаттамасында.

 

Байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдау басталып, 22 шілдеде аяқталады.

 

 

0
Tags :
No More Posts