Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік жедел медициналық жәрдем қызметі жанындағы Оқу-симуляция орталығының нұсқаушылары мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға тегін алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша тренинг өткізеді.
Курстарды Нұр-Сұлтан қаласында 2020 жылдың мамыр айында құрылған және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған 540 отбасын біріктірген «Бақытты шаңырақ» қоры ұйымдастырды.
Қордың мақсаты – ерекше балалары бар отбасылардың өмір сүру сапасын жан-жақты жақсарту. Ол үшін балалар мен ата-аналар үшін шеберлік сыныптары, сондай-ақ оқыту курстары мен біліктілігін арттыру курстары өткізіледі. Әлеуметтену үшін инклюзивті іс-шаралар өткізіледі, оған қордың барлық қамқоршылары ерекшеліксіз тартылады.
Оқу-имитациялық орталығының нұсқаушылары ата-аналар арасында тілек білдірушілерге алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйретуге дайын, өйткені төтенше жағдайда әрбір минут шешуші болуы мүмкін.
Курсты Еуропалық реанимация кеңесі (ERC) және Америка жүрек қауымдастығы (AHA) аккредитациясынан өткен, медициналық білімі бар мамандар (анестезиолог-реаниматологтар), стандарттар бойынша сертификатталған халықаралық нұсқаушылар (BLS/AED, ACLS, ITLS, PHTLS) жүргізеді.
12 тамыз күні сағат 10:00-де Рысқұлов 8/1 мекен-жайы бойынша барлығы курстарға қатыса алады.