Now Reading
Көкшетауда мүгедектігі бар балалардың ата-аналарынан заңсыз салықтар ұсталды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Көкшетауда мүгедектігі бар балалардың ата-аналарынан заңсыз салықтар ұсталды

Көкшетауда мүгедектігі бар балалардың ата-аналарынан заңсыз салықтар ұсталды

Көкшетауда мүмкіндігі шектеулі үш жүзден астам баланың ата-анасынан заңсыз салық ұсталған. Талдау кезінде олардың құқықтарының бұзылу фактілерін қала прокуратурасы анықтады. Аударымдар иелеріне қайтарылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Көкшетауда «мүгедектігі бар бала» санаты бойынша 1 036 кәмелетке толмаған есепте тұр. Тиісті құжаттарды зерделеу талдау кезеңінде жұмыс берушілер мүмкіндігі шектеулі 311 баланың ата-анасынан жеке табыс салығын заңсыз ұстағанын көрсетті.

 

«Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 346-бабының талаптарына сәйкес, егер күнтізбелік жыл ішінде қызметкердің жалпы табысы айлық есептік көрсеткіштің 882 еселенген мөлшерінен аспаса, бала кезінен мүгедектігі бар баланың ата-анасы (ата-анасының бірі), қорғаншысы,қамқоршысы болып табылатын қызметкерден жеке табыс салығы (ЖТС) ұсталмайды», — деп түсіндірді Көкшетау прокуратурасында.

 

Қадағалау органы азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру және болашақта бұған жол бермеу үшін Ақмола облысының Мемлекеттік кірістер департаментіне прокурорлық ден қою актісін енгізді.

 

Сондай-ақ, бүгінде салық органы салық міндеттемелерін қайтару бойынша жұмыс істеп жатыр.

 

«Сонымен қатар, «мүгедектігі бар бала» санаты бойынша танылған баланың ата-анасының (қорғаншыларының, қамқоршыларының және өзге де асырап алушыларының) бірінің салық агентіне растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып берілетін стандартты шегерімді қолдануға арналған өтініш негізінде ЖТС бойынша жеңілдіктерді қолдануға құқығы бар екенін хабарлаймыз», -деп прокуратурада түсіндірді.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×