Now Reading
Елордадағы жәрмеңкеге Солтүстік Қазақстан мен Ақтөбе облыстары өз өнімдерін ұсынады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Елордадағы жәрмеңкеге Солтүстік Қазақстан мен Ақтөбе облыстары өз өнімдерін ұсынады

Елордадағы жәрмеңкеге Солтүстік Қазақстан мен Ақтөбе облыстары өз өнімдерін ұсынады

Осы демалыс күндері, 8 және 9 қазанда Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарының тауар өндірушілері елордада өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде өз өнімдерін ұсынады. Өңірлер барлығы 1200 тоннаға жуық өнім әкеледі.

 

 

Бұл өңірлердің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері мен өңдеуші кәсіпорындары елорда тұрғындары мен қонақтарына жоғары сапалы экологиялық таза өнім ұсынбақ. Жәрмеңкеге 130-ға жуық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен өңдеуші кәсіпорындар қатысады. Ассортименті 1200 тоннадан астам өнім болмақ.

 

Оның ішінде: картоп пен көкөніс – 741 тонна, еттің барлық түрлері мен шұжық өнімдері – 208 тонна, сүт өнімдері – 45 тонна, балық – 20 тонна, бал – 26 тонна, ұн және макарон өнімдері – 148 тонна, жұмыртқа – 125 мың дана, сондай-ақ осы аймақтарда өндірілетін басқа да өнімдер.

 

Барлық өнімдер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай болады, сатушыларда өнімдердің шығу тегін, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар болады.

 

Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін де концерттік бағдарлама дайындалды.

 

Еске салайық, бұл жәрмеңке ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өз өнімдерін делдалсыз тұтынушыларға тікелей сатуға мүмкіндік береді, нәтижесінде олардың өнімдерінің бағасы нарықтағы бағадан 10-20 пайызға төмен болады.

 

Жәрмеңкелер 30 қазанға дейін әр сенбі және жексенбі күндері өтеді. Өтетін орны: «Астана-Арена» стадионының жанындағы алаң, Тұран 48. Келесі кезекте 15-16 қазанда Павлодар облысының кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынады.

 

 

+1
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...