Now Reading
Петропавлдағы төтенше жағдайдан кейін мектептердің қауіпсіздігі тексерілетін болады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Петропавлдағы төтенше жағдайдан кейін мектептердің қауіпсіздігі тексерілетін болады

Петропавлдағы төтенше жағдайдан кейін мектептердің қауіпсіздігі тексерілетін болады

Мұндай бұйрықты Білім министрі берді.

 

Қазақстанның білім беру ұйымдарында қауіпсіздік талаптарының сақталуына тексеру жүргізілетін болады.

 

Білім министрінің тапсырмасымен Петропавл мектебінде болған оқиға бойынша комиссия құрылды. Оның құрамына Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің, білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінің, Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының өкілдері кірді.

 

«Мектепте қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бейнебақылау камералары орнатылған және дабыл түймесі бар. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Сонымен бірге, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармаларына еліміздегі барлық жалпы білім беретін мектептерде қауіпсіздікке тексеру жүргізу тапсырылды», — деп атап өтті ведомствода.

 

Еске салайық, Петропавлда орта мектеп оқушысы балта және пышақпен мектеп оқушыларына шабуыл жасаған болатын. Үш оқушы жарақат алды.

 

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...