Now Reading
Наурыз мейрамы қарсаңында Астанада мұқтаж жандарға мыңнан астам азық-түлік себеттері таратылады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Наурыз мейрамы қарсаңында Астанада мұқтаж жандарға мыңнан астам азық-түлік себеттері таратылады

Наурыз мейрамы қарсаңында Астанада мұқтаж жандарға мыңнан астам азық-түлік себеттері таратылады

Наурыз – игі істердің мезгілі. Көктемнің бас мерекесі қарсаңында Астанада қалыптасқан дәстүр бойынша көмекке мұқтаж азаматтарға азық-түлік себеттері жеткізілуде.

 

Астана қаласының әкімдігі мен демеуші PetroRetail компаниясы халықтың әлеуметтік мұқтаж топтарына және басқа да азаматтарға азық-түлік жиынтығы түріндегі атаулы әлеуметтік көмек түріндегі қайырымдылық көмек көрсету аясында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойды.

 

«Бүгін Астана әкімдігі мен PetroRetail арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум аясында компания биылғы жылдың соңына дейін елордадағы мұқтаж отбасыларға 4 мың бірлік көлемінде азық-түлік жиынтығы түрінде көмек көрсетеді. Осы айда Наурыз мейрамына орай мың отбасына көмек көрсетіледі», — деді елорда әкімінің орынбасары Есет Бәйкен.

 

Астана әкімінің орынбасары акцияны ұйымдастырушылар мұқтаж азаматтарға қол ұшын беріп қана қоймай, бүкіл ел бойынша орта және ірі бизнес өкілдерін қайырымдылыққа ерекше мән беріп, белсенділік танытуға шақыруды көздеп отырғанын жеткізді.

 

«Qazaq Oil сауда бренді бар PetroRetail компаниясы Наурыз мерекесі қарсаңында Астана әкімдігімен бірлесіп қайырымдылық акциясын өткізіп, халықтың мұқтаж топтарына көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Акция бір реттік емес. Біздің бастамамыз компаниямыздың қағидаттарына сәйкес келеді. Біз өзімізді әлеуметтік-жауапты бизнес ретінде қабылдаймыз. Қалғандардың барлығы бұл бастаманы қолдайды деп ойлаймын», – деді өз кезегінде PetroRetail бас директоры Төлеміс Шотанов.

 

Еріктілер мен қарапайым тұрғындар қазір жалғызбасты зейнеткерлердің, ардагерлердің, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған көп балалы отбасылардың, аз қамтылған отбасылардың және халықтың әлеуметтік осал санатындағы басқа да адамдардың үйлеріне мыңнан астам себетті жеткізуде. Мың жәшіктің әрқайсысында ең қажетті өнімдер – ұн, қант, сары май, макарон өнімдері, қарақұмық, күріш және т.б. бар. Ең қажетті тауарлары бар азық-түлік жиынтықтары сегіз ауыр жүк көлігіне салынды.

 

«Қайырымдылық акциясын ұйымдастырушыларға үлкен рахмет. Бұл бізге және басқа отбасыларға үлкен көмек. Олар Наурыз мерекесі қарсаңында осындай игі істі қолға алды. Бізге әкімдік пен кәсіпкерлер тарапынан үнемі көмек пен қолдау көрсетіліп отырады. Назарларыңызға, қамқорлықтарыңызға рахмет», – деп алғысын білдірді көпбалалы ана Гүлдария Мұхамедиярова.

 

Астаналық Людмила Симакова да қайырымдылық акциясы аясында азық-түлік себетін алды. Ол ұйымдастырушылар мен еріктілерге көмектері үшін алғысын білдірді.

 

«Елордамыз бен елімізде береке-бірлік болсын. Мерекелік көңіл-күй мен өте қажет көмек үшін рахмет. Осы және басқа да қайырымдылық шараларын ұйымдастырғандарыңызға көп рахмет», — деді ол.

 

Қайырымдылық акциясы дәстүрге айналып үлгерді. Әкімдік бұл акцияға қолдау білдіре алатын әрбір адамды себеп күтпей, игі істер жасауға шақырады.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×