Now Reading
Алматыда мүгедектігі бар жандар бағдармалауға арналған жинақтар жасайды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Алматыда мүгедектігі бар жандар бағдармалауға арналған жинақтар жасайды

Алматыда мүгедектігі бар жандар бағдармалауға арналған жинақтар жасайды

Алматыда қазір ерекше қажеттіліктері бар адамдар бағдарламалауды оқытуға арналған мектеп жинақтарын шығарумен айналысады.

 

Инклюзивті шеберхананың қызметкерлері «ақылды үйдің» ағаш үлгілерін жасайды, оларды Алматы мектептерінің оқушылары IT саласының негіздерін меңгерген кезде пайдаланады.

 

Шеберханада төрт адам жұмыс істеп жатыр, 2019 жылдан бері мұнда сөйлеу қабілеті бұзылған балаларды дамытуға арналған ойыншықтар да шығарыла бастады.

 

Майя Мұхантай, жобаның операциялық директоры:

 

— Жұмыс кестесі, барлығында сияқты, таңғы 9:30-дан кешкі жетіге дейін, аптасына бес күн. Біз барлық қызметкерлерді ресми түрде жұмысқа орналастырып, әлеуметтік төлемдерді төлейміз. Олардың жалақысы басқалармен бірдей.

 

Яғни, салықтарды қоспағанда, негізгі сома – жалақы. Сондай-ақ сатудың пайызы. Әрбір сатылым үшін біз жалақының үстіне бонус қосамыз.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...