Now Reading
Астана елорданың 25 жылдығын қалай тойлайды: іс-шаралар жоспары жарияланды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астана елорданың 25 жылдығын қалай тойлайды: іс-шаралар жоспары жарияланды

Астана елорданың 25 жылдығын қалай тойлайды: іс-шаралар жоспары жарияланды

Астана қаласы Мәдениет басқармасы Мәдениет және өнерді дамыту басқармасының басшысы Ақерке Жұманбаева елорданың 25 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарын жария етті.

Ведомство өкілінің айтуынша, маусым-шілде айлары аралығында Астана күнін тойлауға Астана қаласы Мәдениет басқармасына қарасты 12 мекеме 100-ден астам іс-шараны өткізуді жоспарлап отыр.

1 шілде күні сағат 20:00-де Амфитеатрда «Аялаған Астана» талантты жас орындаушыларды тәрбиелеуге арналған музыкалық байқаудың гала-концерті өтеді. Билеттер Ticketon сайтында сатылуда.

2 шілдеде Домбыра күні ЭКСПО алаңында «Домбыра дастан» шоу-концерті өтеді. Басталуы – 20:00. Кіру тегін.

2 және 3 шілдеде Жазушылар аллеясында және №5 балалар кітапханасында Қазақстан Жазушылар одағымен бірлесе отырып, «Астана – шабыт арқауы» атты ақын-жазушылармен кездесулер топтамасы өтеді. Кіру тегін.

3 шілдеде Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстанның үздік дәстүрлі әншілері, күйшілері, жыршыларының «Алтын мұра» атты мерекелік концерті өтеді. Басталуы – 19:00. Билеттер Ticketon сайтында сатылуда.

4 шілдеде «Астана» концерт залында «Әзіл әлемі» музыкалық әзіл-оспақ кеші өтеді. Басталуы: 17:00, 20:00. Билеттер Ticketon сайтында сатылуда.

4 шілдеде «Жастар» сарайында «НАЗ» мемлекеттік би театрының «Қазақ жәдігерлері» атты концерттік бағдарламасы өтеді. Басталуы – 19:00.

5 шілдеде Амфитеатрда белгілі аспаптық орындаушылардың «Елорда әуені» шоу-концерті өтеді. Басталуы – 20:00. Билеттер Ticketon веб-сайтында сатылуда.

5-6 шілдеде ЭКСПО алаңында балалар мен ересектерге арналған «Гүл Астана» экофестивалі өтеді. Кіру тегін.

5-6 шілдеде «Гүл қала – Астана» республикалық суретшілер пленэрі өтеді деп жоспарлануда. Онлайн байқауға 80 жұмыс жіберілді, оның қорытындысы бойынша ЭКСПО алаңында 15 үздік жұмыстың көрмесі ашылады. Кіру тегін.

Шілденің 6-сы күні қала шетінде, елді мекендерде қала тұрғындары мен қонақтары үшін «Думанды Астананың» концерттері өтеді. Басталуы – 18:00. Кіру тегін.

6 шілдеде ЭКСПО алаңында ашық аспан астындағы OPEN AIR мерекелік концерті өтеді. Шарада ұлттық эстрада жұлдыздары Маржан Арапбаева, Аука, Дос, Аха, Мирас Жүгінісов, Қазбек Құрайыш, Еркеш Хасен, Қанай, Райым өнер көрсетеді. Сонымен қатар көрерменді құпия жұлдыз күтіп тұр. Басталуы – 18:00. Кіру тегін.

6-8 шілдеде Орталық саябақта отбасылық демалысқа арналған Мереке көшесі фестивалі өтеді. Жұмыс уақыты — 10:00-ден 22:00-ге дейін. Кіру тегін.

6-9 шілдеде елордалық циркте жұлдызды «Франке» цирк бағдарламасы өтеді. Басталуы – 16:00. Билеттер Ticketon веб-сатылымда.

7 шілдеде «KITAP FEST» Республикалық кітап көрмесі өтеді. Жұмыс уақыты — 11:00-ден 19:00-ге дейін. Кіру тегін.

8-9 шілдеде амфитеатр аумағындағы Орталық саябақта көше тағамдарының фестивалі өтеді. Сондай-ақ бауырсақ жасау рекорды болады. Жұмыс уақыты — 12:00-ден 20:00-ге дейін. Кіру тегін.

Сондай-ақ елорда күні қарсаңында мәдениет басқармасына қарасты алты театрда көрермен назарына қойылымдар ұсынылады.

30 маусымда «Жастар» театрында «Таптым. Ғашық болдым. Жоғалттым» мюзиклі қойылады.

1-2 шілдеде жас көрермендерге арналған музыкалық театрда танымал «Гауһартас» музыкалық драмасы көрсетіледі.

5,6,8 шілдеде Музыкалық Жас көрермен театры Астананың 25 жылдығына арналған «Қыз-Жібек» этно-фольклорлық мюзиклінің премьерасын ұсынады.

5-6 шілдеде А.Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театрында «Болмаған балалық шақ» драмасы ұсынылады. Ticketon веб-сайтында барлық спектакльдерге билеттер алуға болады.

Бұған дейін Астана әкімдігі 2023 жылы Елорда күні отшашу болмайтынын хабарлаған болатын. Қаланың 25 жылдығына 100-ден астам іс-шара жоспарланған. Оның 90-ға жуығы барлық елордалықтар мен қала қонақтары үшін тегін болады.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×