Now Reading
Қанша жас қазақстандық 2,5 пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген шағын несие алды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қанша жас қазақстандық 2,5 пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген шағын несие алды

Қанша жас қазақстандық 2,5 пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген шағын несие алды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Цифрлық отбасы картасын қолдану арқылы жастарды жұмыспен қамту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелері туралы айтты.

«Жұмыссыз жастардың мүмкіндіктерін сараптай келе, біз 36 мыңнан астам жастарға қосымша жұмыс іздеу мүмкіндігін пайдалану туралы SMS хабарлама жібердік. Арнайы сілтемені басу арқылы азаматтар жұмыспен қамтудың қандай шаралары бар екені, өз бетінше жұмыс іздеу жолдары туралы толық ақпарат ала алды. Нәтижесінде 3,8 мыңнан астам жұмыссыз жас қосымша жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болды», — деді Тамара Дүйсенова үкімет отырысында.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының келесі бағыты, министр атап өткендей, мемлекеттік гранттар беру болып табылады. Бүгінгі таңда халықтың әлеуметтік осал топтарынан 5316 азамат мемлекеттік грантпен қамтылды, оның 40 пайызы жастар болды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Еңбек министрлігі тағы бір жобаны жүзеге асыруда – кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында жастарға жылына 2,5 пайыздық мөлшерлемемен шағын несие беру. Биылғы жылы 5796 жас кәсіпкерді қолдауға республикалық бюджетте 29 миллиард теңгеге жуық қаржы қарастырылған. Бүгінгі таңда Аграрлық несие корпорациясының аумақтық филиалдары 19,6 млрд теңгеге 4244 өтінішті қабылдап, оның ішінде 1228 адам 5,4 млрд теңгеге жеңілдікті несие алды», — деп хабарлады Тамара Дүйсенова.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×