Now Reading
Ақтауда шағын автобус әлеуметтік такси пайдалануға берілді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Ақтауда шағын автобус әлеуметтік такси пайдалануға берілді

Ақтауда шағын автобус әлеуметтік такси пайдалануға берілді

Ақтауда мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдау үшін 8 орындық шағын автобус пайдалануға берілді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникациялар орталығы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ЈAC Sunray маркалы 8 орындық шағын автобус І топтағы мүгедектігі бар жандарды, сондай-ақ Ақтау қаласы бойынша еріп жүретін адамдарды тегін тасымалдау қызметін қажет ететін мүгедектігі бар жандарды тегін тасымалдайды.

— Әлеуметтік такси қызметі тегін. Заманауи, соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықталған көлік мүмкіндігі шектеулі жандардың сұранысына сай қалаішілік бағыттар бойынша тасымалдау қызметін атқарады. Жаңа көлік жергілікті бюджет есебінен алынған. Ақтау қаласы бойынша 5 әлеуметтік таксиге жыл басынан бері 84 мүгедектігі бар жандардан 2427 тапсырыс қабылданып, орындалды. Оның 25-і мүмкіндігі шектеулі балалар», — дейді Ақтау қалалық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Жанар Үмбетқалиева.

Ақтау қалалық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне тегін тасымалдауды қажет ететін мүгедектігі бар жандарға, сондай-ақ еріп жүретін адамдарға тегін әлеуметтік такси қызметін көрсетеді.

Арбаны пайдаланатын тірек-қозғалыс аппаратында ақаулары бар мүгедектігі бар жандар жол жүрудің жоспарланған күнінен бір күн бұрын ұялы телефондарға: 8 700 430 90 58, ал 1 топтағы мүгедектігі бар жандар (көру қабілеті нашар) 8 700 430 90 59 телефондары немесе 42-94-51 телефоны бойынша арқылы брондау қажет. 

Бұл қызметтерді алу үшін мүгедектігі бар жандар келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:

1. өтініш (еркін нысанда);

2. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 035-1/у нысанындағы медициналық ұйымның қорытындысы;

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 750 қаулысымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережесіне сәйкес мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...