Желіде тәрбиеленушінің қорқынышты оқиғасы бейнеленген видео жарияланды. Жігіт балалардың ойға келмейтін қорлауы туралы айтады.
Кадрларда Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева бейнебақылау камераларын тексереді. Осы кезде қыздар бөлмесінде белгісіз ер адам көрінеді. Мекеме қызметкерлері аты-жөнін айта алмады.
Одан кейін отбасы үлгісіндегі ауылдың оқушысы балалардың күнделікті өмірінің сұмдық жағдайларын айтады.
«Бұл тек менімен ғана емес. Барлығымен дерлік болды … Үлкен дәретке барды. Медет деген баламыз бар. Оны да қорлады. Оған бұны жеуді айтты. Осыдан кейін Медетпен ешкім хабарласпады», — дейді видеодағы тәрбиеленуші.
Атырау облысының полициясы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
«Шаңырақ» балалар үйіне қатысты Атырау полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Өзге мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды», — делінген хабарламада.
Атырау облысының білім басқармасы мекемеге прокуратура қызметкерлері келгенін хабарлады.
Күні кеше Қазнетте көзіне жас алған бүлдіршіннің балалар үйіндегі қиыншылықтарды айтып жатқан видеосы тарап кетті.
Ал әзірге облыстық білім басқармасы жарияланған фактілерден кейін балалар үйінде директордың ауысқанын хабарлайды.