Now Reading
Елорданың жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеуге арналған әлеуметтік көмек: Кім өтініш бере алады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Елорданың жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеуге арналған әлеуметтік көмек: Кім өтініш бере алады

Елорданың жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеуге арналған әлеуметтік көмек: Кім өтініш бере алады

Елорданың жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеуге арналған әлеуметтік көмек: Кім өтініш бере алады

Астанада мектеп бітірушілер қаладағы жоғары оқу орындарында күндізгі бөлімде оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек ала алады. Оған нақты кім өтініш бере алады, деп хабарлады онлайн брифингте елорданың Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Таласова, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы ағымдағы жылдың 1 шілдесі мен 21 тамызы (қоса алғанда) аралығында қаланың жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқуға ақы төлеуге әлеуметтік көмек көрсетуге құжаттар қабылдауда»,- деді Айгүл Таласова.

Қаланың жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы 4 ең төменгі күнкөріс деңгейінен (213 240 теңге) аспайтын болса, ақшалай төлем түрінде көрсетіледі. Ол Астана қаласының жалпы білім беретін мектептерінің түлектеріне беріледі:

— жетімдер;

— балалар үйінің түлектері;

— бала кезінен мүгедектігі бар жандар;

— ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

— көп балалы отбасылардан шыққан балалар (оның ішінде ағымдағы жылы үлкен бала кәмелетке толған кезде білім беру ұйымдарына күндізгі оқу нысанына түскенге дейін).

Тестілеу кезінде қажетті ең төменгі балл жинай алмаған жалпы білім беретін мектептердің түлектеріне әлеуметтік көмек тағайындалмайтынын айта кеткен жөн.

Қаржылық қолдау елорданың еңбек нарығында неғұрлым сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқыту үшін ұсынылады. Медициналық, педагогикалық және техникалық мамандықтарға басымдық беріледі. Сонымен, оқыту жалпы медицина, әлеуметтік жұмыс,сәулет (BIM-менеджер жобалаушы), электр энергетикасы, дене шынықтыру және спорт, психология, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (бағдарламашы), дизайн, ақпараттық жүйелер, азық-түлік өнімдері технологиясы, газ жабдығына қызмет көрсету жөніндегі инженер, информатика, ұйымдастыру, тасымалдау, қозғалыс және көлікті пайдалану, биотехнология, бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі, мектепке дейінгі оқыту, математика, химия, биология пәндерінің мұғалімі және т.б. мамандықтар бойынша жүргізілетін болады.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×