Now Reading
Атырауда Конституция күні мерекесіне орай 23 мыңнан астам тұрғын әлеуметтік көмек алады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Атырауда Конституция күні мерекесіне орай 23 мыңнан астам тұрғын әлеуметтік көмек алады

Атырауда Конституция күні мерекесіне орай 23 мыңнан астам тұрғын әлеуметтік көмек алады

30 тамыз — Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеу қарсаңында Атырау облысында 23 592 адам біржолғы әлеуметтік төлем алады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов хабарлаған.

«Жергілікті атқарушы органдардың шешімімен биылғы жылы 23 592 азаматқа, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар мен 1,2,3 топтағы мүгедектігі бар азаматтарға 50 000 теңгеден әлеуметтік көмек көрсетіледі. Әлеуметтік төлемдер 15 тамыздан бастап беріле бастайды. Ол үшін ешқандай құжат тапсырудың және өтініштерді толтырудың қажеті жоқ. Барлығы «Цифрлық отбасы» жүйесі арқылы жүзеге асырылады, — деді Ә.Мәмбетов.

Басқарма басшысының айтуынша, келер жылдан бастап біржолғы төлемнің көлемін ұлғайту жоспарлануда.

Айта кету керек, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға біржолғы жәрдемақы жергілікті бюджет есебінен төлене30 тамыз — Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеу қарсаңында Атырау облысында 23 592 адам біржолғы әлеуметтік төлем алады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов хабарлаған.

«Жергілікті атқарушы органдардың шешімімен биылғы жылы 23 592 азаматқа, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар мен 1,2,3 топтағы мүгедектігі бар азаматтарға 50 000 теңгеден әлеуметтік көмек көрсетіледі. Әлеуметтік төлемдер 15 тамыздан бастап беріле бастайды. Ол үшін ешқандай құжат тапсырудың және өтініштерді толтырудың қажеті жоқ. Барлығы «Цифрлық отбасы» жүйесі арқылы жүзеге асырылады, — деді Ә.Мәмбетов.

Басқарма басшысының айтуынша, келер жылдан бастап біржолғы төлемнің көлемін ұлғайту жоспарлануда.

Айта кету керек, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға біржолғы жәрдемақы жергілікті бюджет есебінен төленеді.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...