Now Reading
538 мыңнан астам қазақстандық атаулы әлеуметтік көмек алды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > 538 мыңнан астам қазақстандық атаулы әлеуметтік көмек алды

538 мыңнан астам қазақстандық атаулы әлеуметтік көмек алды

2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) 102,7 мың отбасындағы 538,9 мың адамға тағайындалған. Биыл бұл мақсатқа бюджеттен 65 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

АӘК жан басына шаққандағы орташа табысы отбасының әрбір мүшесіне өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен азаматтарға тағайындалады.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап кепілдендірілген әлеуметтік пакет 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде (2023 ж. – 5 175 теңге) қоса алғанда, қосымша төлем түрінде табиғи нысаннан ақшалай көмек форматына көшірілді.

1 тамыздағы жағдай бойынша АӘК алушылардың арасында мектепке дейінгі жастағы 166,5 мың балаға қосымша төлем тағайындалды.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындау үшін мансап орталығына, тұрғылықты жері бойынша ауылдық округ әкіміне немесе электронды үкімет порталы (egov.kz) арқылы өтініш бере алады.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...