2025 жылдың басынан бастап әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдардың 359,1 мың тапсырысы орындалды.
Оның ішінде:
техникалық оңалту құралдарына (бұдан әрі — ОТҚ)шамамен 279 мың;
ымдау тілі қызметіне 8,3 мың;
жеке көмекші қызметіне 25,5 мың;
46,3 мың санаторий-курорттық емделуге.
Портал мүгедектігі бар жандарға техникалық оңалту жабдықтары мен қызметтерін өндіруші мен жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді.
Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген ОТҚ-ны жеткізу немесе алып кету арқылы алуға болады.
Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдарды, сондай-ақ кресло-арбаларды беруді қамтиды.
Бүгінгі таңда Порталда 669 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуші, 1012 техникалық оңалту құралдары, 31 мыңнан астам жеке көмекші қызмет көрсетуші, 761 ымдау тілі қызметін көрсетуші, 133 санаторий-курорттық емделу тіркелген.