Now Reading
Астанада өңірлік жәрмеңкелер басталады: азық-түлік бағасы нарықтық бағадан 15-20 пайызға төмен болады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанада өңірлік жәрмеңкелер басталады: азық-түлік бағасы нарықтық бағадан 15-20 пайызға төмен болады

Астанада өңірлік жәрмеңкелер басталады: азық-түлік бағасы нарықтық бағадан 15-20 пайызға төмен болады

Алғашқы болып Түркістан облысының диқандары өз өнімдерін ұсынбақ.

 

2 қыркүйекте Астанада еліміздің өзге өңірлерінен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері басталады, деп хабарлады елорда әкімдігі.

Олар әр демалыс сайын 29 қазанға дейін жұмыс істейді.

Астанада бірінші болып Түркістан облысының диқандары өз өнімдерін ұсынбақ. Облыстың 70-тен астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері 556 тонна өнім әкелмек:

 

ет (жылқы еті, қой еті, сиыр еті, құс еті);

ет өнімдері;

көкөністер;

жемістер;

сүт өнімдері (соның ішінде қымыз және шұбат);

бақша дақылдары;

бал;

жеміс шырындары;

консервіленген тағамдар;

балық;

жұмыртқа;

нан өнімдері.

 

Барлық өнімдердің бағасы нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен болады.

 

Биыл жәрмеңке Тәуелсіздік даңғылы, 50 (ҚазҰӨУ алдындағы алаң) мекенжайында өтеді.

 

«Елордада демалыс күндері де жәрмеңкелер өткізіледі. Олар сенбі-жексенбі күндері өтеді. Жәрмеңкеге жақын маңдағы аудандардан азық – түлік тауарларын көтерме жеткізушілер мен шаруа қожалықтары қатысады», — делінген әкімдік хабарламасында.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...